Семейде сайлауға келген азаматтарға наурызкөже, бауырсақ ұсынып, шашу шашты
Семейде сайлауға келген азаматтарға наурызкөже, бауырсақ ұсынып, шашу шашты
610
оқылды
Семейдегі №84 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерді наурызкөже, бауырсақ ұсынып, шашу шашып қарсы алды. Учаскенің ашылуына зейнеткерлер, студенттер және барлық белсенді қала тұрғындары келді. №84 учаске Семей қалалық мәдениет сарайында орналасқан. Онда бір кездері көптеген қазақстандық әртіс өнер көрсеткен. Сайлаудың алғашқы минуттарында аға буын бата беріп, әсем әуен шырқалды.    width= – «Барша семейліктерді бүгінгі сайлауда белсенді дауыс беруге шақырамын. Біз жаңашылдыққа қадам бастық. Бүгінгі күн ертеңгі тарих. Жастарымыздың болашағы жарқын болуы үшін, әділетті қоғамды құру үшін, дәл осындай саяси науқанға белсене қатысуымыз керек», – деп атап өтті Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице- президенті Орал Шәріпбаев. Естеріңізге сала кетейік, Семейде 232 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында бейнебақылау жүргізіледі, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылайтын байқаушылар жұмыс істейді. Таңертеңгі сағат 7-де қалада 149 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның 19-ы жабық, 22-сі ауылдық округтерде орналасқан.