Сайлау процесі ұлттық заңнамаға сәйкес өтіп жатыр – ТМД ПА өкілдері
Сайлау процесі ұлттық заңнамаға сәйкес өтіп жатыр – ТМД ПА өкілдері
307
оқылды
ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлау биыл бірінші рет бір мезгілде өтіп жатыр. Сайлау Конституцияға өзгерістер енгізу мақсатында өткен референдумнан кейін қабылданған жаңа тәртіп бойынша ұйымдастырылды. Сайлау учаскелері қазір барлық ережеге сәйкес жұмыс істеп жатыр және ешқандай құқық бұзушылық фактілері тіргелген жоқ. Бұл туралы ТМД Парламент аралық ассамблеясы өкілдері Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте айтты. Халықарылық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығының брифингін бірінші болып ТМД Парламент аралық ассамблеясы өкілдері ашты. ТМД ПА Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий мен Армения Республикасының Ұлттық жиналысының өңірлік мәселелер және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Вагаршак Акобян өздері болған сайлау учаскелеріндегі жағдай турлы баяндады.
«Біз бұл сайлауға ұзақ мерзімді мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бақылауды бастаған болатынбыз. Бақылау кезінде Қазақстанда сайлау процесін реттейтін барлық заңнаманы зерттедік. ТМД ПА миссиясының құрамында 61 адам бар. Олар сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап  қысқа мерзімді мониторингке кірісті. Байқаушылардың қатарында ТМД елдерінің депутаттары мен сенаторлары, сондай-ақ, Халықаралық демократияны дамыту мониторингі институтының сарапшылары мен қызметкерлері бар. Әзірге ешқандай құқықбұзушылықты көрген жоқпыз. Біз болған сайлау учаскелері ереже сәйкес жұмыс істеп жатыр» - деді Бас хатшы Дмитрий Кобицкий.
ТМД ПА миссиясының тағы бір өкілі Вагаршак Акобян да сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты әрі бәрі заңға сәйкес өтіп жатқанын мәлімдеді.
«Таңнан бері ешқандай өрескел заң бұзушылық тіркелген жоқ. Сайлау учаскелеріндегі ашылуы салтанаты да жоғары деңгейде және ұлттық заңнамаға сәйкес өтті» - деді ол.