Қосшыда 99 жастағы қария әулетімен келіп, сайлауда өз таңдауын жасады
Қосшыда 99 жастағы қария әулетімен келіп, сайлауда өз таңдауын жасады
Қосшы қаласында 99 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаев ақсақал сайлауға келіп өз таңдауын жасады. Тұтас әулетімен келген ақсақал елдегі елеулі саяси оқиғаның маңызы аса жоғары екенін атап өтіп, батасын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Көненің көзі болған ақсақалдың отбасы түгелдей ұлттық киім киіп келіпті. Ғасыр жасаған ақсақал халыққа ақ батасын арнады.
– Елдің тәуелсіздігі баянды әрі  тұғырлы болсын. Бүгінгі саяси додаға әулетімізбен келіп өз таңдауымызды жасадық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді Нұрқасым ақсақал.
Елдегі саяси маңызды оқиғадан қалыс қалмаған ақсақалға ризашылығын білдірген сайлау комиссиясының төрағасы сыйлыққа астау тарту етті.

Ақмола облысы