33 әскери қызметшінің қазасынан кейін Түркияның Қорғаныс министрі Сириямен шекараға барды
33 әскери қызметшінің қазасынан кейін Түркияның Қорғаныс министрі Сириямен шекараға барды
Фото: Интернеттен алынды
5,246
оқылды
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Сириямен шекарадағы Хатай провинциясында орналасқан Идлибедегі Тактикалық іс-қимылдарды басқару штабына келді, ­­– деп хабарлайды «Анадолы» ақпарат агенттігі. Түркия әскери ведомствосының басшысымен бірге Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал Умит Дүндар мен Әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал Хасан Кючюкакиюз келген. Ұлттық қорғаныс министрі мен қолбасшылар Түркия-Сирия шекарасында Идлибтегі Дамаск режимінің мақсатына қарсы операцияларды басқарады. Хулуси Акар Хатайға барар алдында Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жиналысқа қатысты. Бұған дейін Идлибте Башар Асад режімінің күштері әуе шабуылын жасап, салдарынан Түркия Қарулы күштерінің 33 әскери қызметшісі қаза тапты.