Тараз қаласында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлауда егіз – Жания және Сания Қонысбаевалар дауыс берді. Сыңарлар №28 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
– Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Сондықтан еліміз үшін алдағы сайлаудың маңызы зор. Біз өз Отанымыздың келешегі кемел болуы үшін дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасау үшін сайлауға алғашқылардың бірі болып бардық. Замандастарымды да саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын, – дейді Сания Қонысбаева.