Атырауда жабық учаскелерде дауыс беру аяқталды
Атырауда жабық учаскелерде дауыс беру аяқталды
320
оқылды
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, жабық учаскелер жұмысы облыс бойынша 9 ауруханада, 1 әскери бөлім мен уақытша қамау орнында ұйымдастырылған. "Әскери бөлімде сайлаушылар таңғы сағат 6.00-ден бастап өз таңдауларын жасаса, қалған жабық учаскелерде дауыс беру 7.00-де басталды. Қазір ол учаскелерде дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау жүріп жатыр", –  деді Азамат Айманакумов. Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша 269 сайлау учаскесі құрылған, оның 11-і – жабық учаскелер. Атыраудағы сайлау процесін бақылауға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымнан 14 байқаушы келіп, өз жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ  1 500-ге жуық ұлттық байқаушы сайлау процесіне қатысып жатыр. Сағат 16.00-дегі ахуал бойынша, Атырау облысында сайлаушылардың 48,15%-ы дауыс берген. Атырау облысы бойынша 412 165 сайлаушы бар.

Баян Жанұзақова