Депутаттар сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
Депутаттар сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
©Радмир Фахрутдинов
Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды. «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай: 1. «AMANAT» – 53,46 %, 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52 %, 3. Respublica партиясы – 8,9 %, 4. Қазақстан халық партиясы – 6,25 %, 5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22 %, 6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87 % 7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31 %. Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан. Қалған 4,47 пайыз респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.