Қазақстан – ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел

Қазақстан – ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел

"Дүниежүзілік бақыт туралы" зерттеуде мемлекеттердің бақыт деңгейі бойынша рейтингін жасау кезінде алты негізгі фактор есепке алынған. 

Олар: әлеуметтік қолдау, табыс, денсаулық, өмірлік маңызды шешімдерді қабылдаудағы еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлықтың болмауы. Рейтингте COVID-19 пандемиясының 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңін қамтитын үш жылдағы бақыт деңгейі сараланған.  Қамтылған 109 елдің ішінде Финляндия рейтингте алтыншы жыл қатарынан көш бастап отыр. Ең бақытты 10 елдің қатарына Финляндиядан бөлек, Дания, Исландия, Израиль, Нидерланды, Швеция, Норвегия, Швейцария, Люксембург және Жаңа Зеландия кірген. АҚШ 15-ші, ал Ұлыбритания 19-орында. Рейтингте Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел болып шықты. Еліміз 44-орынға тұрақтаған. Өзбекстан 54-орында тұрса, Қырғызстан 62-орында, одан кейін Молдова тұр. Ресей 70-орында, Армения мен Тәжікстан сәйкесінше 79 және 80-орында. Бұл рейтингке Беларусь, Түрікменстан және Әзербайжан қатыспаған. Украина 92-орында. Ал рейтингтегі ең соңғы орында соғыстан зардап шеккен Ауғанстан мен Ливан тұр. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ жариялады.