Айдос Майлыбаев Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды
Айдос Майлыбаев Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды
© 24.kz
198
оқылды
Бас прокурордың бұйрығымен Ақмола облысы прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев  тағайындалды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар. Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған. Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның департамент бастығы болған. Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2014ж) медалімен марапатталған.