"Мәйіті пәтерден табылды": Теміртауда екі жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды
"Мәйіті пәтерден табылды": Теміртауда екі жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
1,622
оқылды
Теміртауда екі жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы ер адам екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.