Жұптық сынды жеңіспен бастады
Жұптық сынды жеңіспен бастады
481
оқылды
Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы Майами мастерс турнирінде жұптық сынды жеңіспен бас­та­ды. Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы бірін­ші ракеткасы Анна Данилина америкалық Эйжа Мухам­мад­пен бірге алғашқы кездесуін испаниялық Паула Бадоса – ту­нистік Онс Жаберге қарсы өткізді. Қазақстандық-амери­ка­лық жұп 1 сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:4 есе­бі­мен жеңіске жетті. Қазақстанның ерлер арасында жекелей сындағы бірінші ра­кеткасы Александр Бублик сербиялық Миомир Кец­ма­но­вич­пен бірге аргентиналықтар Педро Качин – Франсиско Че­рун­долодан 6:3, 6:3 есебімен айласын асырды. Сөйтіп, қа­зақ­стандық-сербиялық жұп екінші айналымға өтті. Қазақ­стан­дық теннисшілердің екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады. Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами додасы 2 сәуірде мәреге жетеді.