Арқадағы қалашық

Арқадағы қалашық

1816 жылы Орталық Азияға сапар шеккен орыс офицері Иван Шангиннің жолжазбаларында және 1929-1930 жылдары өлкетанушы Л.Семеновтің жазбаларында кездеседі. Ол ескерткішке алғашқы барлау жұмыстарын жүргізген екен. 20 жылы Ресей император­лық «Сибирский вестник» жур­налында орыс кен инженері Иван Шан­гиннің күнделігі жарияланған. Осы күнделік беттерінде Шангин Бас штаб тапсырмасы бойынша 1816 жылы Есіл-Нұра бойын зерттеп, Бозоқ көлінің жағасында көне қалашық орны барын баян­даған. Осы дерекке сүйене отырып, Астана төңірегінің археологиялық картасын жасауға бастама көте­ріліп, 180 жылдан кейін, 1999 жы­лы осы жұмысты атқаруды қолға алған академик Кемел Ақышев бастаған археологиялық экспе­диция қазіргі Астанадан он бес шақырым жерде жатқан қаланы қазуға кірісіп, тарихи деректерді анықтауға ты­рысқан. Бұл олжаның құндылы­ғы – орта және одан ерте көне ғасырларда дала өлкесі өз қалалары мен қоныстары болған көшпелі мәдениеттің нағыз қай­нары және ошағы екенін дәлелдеп бергенінде. Елімізде 240-тан астам му­зей болса, олардың 12-сі – қо­рық-му­зей есебінде. Бұл барлық музейдің 5 пайызын құрайды. Республика бойынша архео­логиялық және этнографиялық бейінді музей – Бозоқ ескерткіш кешені. Ерекшелігі – далалық қала мәдениетінің үлгісі ретіне танылуы және бұдан мыңдаған жыл бұрын пайда болған ерекше тарихи ескерткіш ретінде сақталуы. Нысанға 1999 жылдан бастап тұрақты зерттеу жүргізіп келе жат­қан Есіл стационарлық археоло­гиялық экспедициясының жетек­шісі Марал Хабдулинаның қоры­тынды есебіне қарағанда, Бозоқ ескерткіші хронологиялық тұр­ғыдан түрлі нысан кешенінен тұрады, олар: – Ежелгі түрік ғибадатханасы, – Ортағасырлық қалашық, – Алтын Орда кезеңінің қо­рымы, – Стационарлық тұрғын үйлер, – Өндіріс орындары, – Қазақтардың қыстауы және суару жүйесі т.б. Сонымен қатар қалашық ма­териалдары төрт ортағасырлық мемлекеттік құрылымның тарихын көрсетеді, олар: – Түрік қағанаты, – Қыпшақ хандығы, – Алтын Орда және Қазақ хандығы. Яғни, қалашық VII-IX ғасыр­лардан XVI-XVII ғасырларға дейін ежелгі түркілердің киелі орны, одан кейін керуен саудасын ба­қылайтын қыпшақтардың қонысы болды деген болжам бар. Қыпшақ дәуірінде бұл жерде егіншілік ісі өркендегені байқа­лады. Оған дәлел – стационарлық, өндірістік және ирригациялық құ­рылыстардың қалдықтары, тұр­мыстық заттар, қару-жарақ, әше­кейлер, монеталар және т.б. Ал XIV ғасырда қалашық Нұра-Есіл аймағының исламданған элита­сының рухани орталығына ай­налып, діни-мемориалдық кешен қалыптасыпты. XVIII-XIX ғасыр­ларда мұнда қазақтың шаруа­шы­лық нысандары (қыстаулар) ор­наласқан көрінеді. Зерттеушілердің пайымынша, X ғасырда бұл жерге қыпшақ тай­палары өз қағандары үшін рези­денция тұрғызған. Өйткені бұл мекен геостратегиялық тұрғыдан Сарыарқаның кіндігі – солтүстік Сібір бассейні: Есіл, Сілеті, Ші­дерті, Нұра, Сарысу өзендері тар­мағында орналасқан. Бозоқ қалашығы – еуразиялық кеңістікті игеру жолындағы қып­шақтардың алғашқы ордасы және ирригациялық құрылыс жоспары жасалған Орталық Қазақстандағы алғашқы ескерткіш. Мұнда аумағы 1 000х300 метр болатын суару жүйесімен жаб­дық­талған диқаншылық кәсіп аймағы анықталған. Қалашық сонымен қатар ке­руен жолдары түйілісінде маңызды рөл атқарып, халқы егіншілік, балық аулау және керуен саудасын басқарумен айналысқан. Бұған стационарлық, өндірістік және ирригациялық құрылыстардың қал­дықтары, тұрмыстық заттар, қа­ру-жарақ, зергерлік бұйымдар, монеталар және тағы басқа арте­фак­тілер дәлел. Ал ХІV ғасырда Нұра-Есіл ай­мағы исламданған ақсүйектерінің рухани орталығы болып, мәдени-мемориалдық кешендер салынған. 2004 жылдан бастап Қазақстан аумағында тарихи және мәдени ескерткіштер мен нысандарды қал­пына келтіруге бағытталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ­дарламасы бастау алып, бағдарлама негізінде 2004 жылы Бозоқ қа­лашығында шетелдік сара­пшы­лардың қатысуымен халықаралық ғылыми форум өткен. Форумның қорытындысы бойынша қарар қабылданып, қалашықтың ғылы­ми және мәдени маңызы туралы сараптамалық пікірге қол қо­йылады. Содан бастап алғаш рет ескерткіш материалдары Еура­зияның ғылыми археологиялық кеңістігіне енген. 2018 жылы «Бо­зоқ мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы» құрылып, болашақта қалашық аумағына Ұлы дала мәдениетінің жиынтығы істеттес аспанасты музейін ашу жайлы міндет жүктелген. Жалпы алғанда, бұл жобаның мақсаты – Бозоқ ортағасырлық қа­лашығын қалпына келтіру. Ботай, Сақ, Хұн, Түрк және Қазақ хандығының 5 тарихи кезеңін бейнелейтін қоныстарын архео­логиялық саябақ кешенінде көр­сету. Бұл – ежелгі дәуірдің сол ке­зеңдегі ортасына енуге мүмкіндік беретін бірден-бір мүмкіндік. Алдағы уақытта мектеп бағ­дарламаларына енген мәліметтер қорын кеңейтіп, оқушыларды түр­лі саланы зерттеуге жұмылдыру басты мақсатта тұрған іс. Келелі істің өніп, өзектілігін де аша түсе­ріне сенімдіміз, өйткені берері мен айтары көп. Бабаларынан мұра болып қалған бұл зерттеу нысаны көп тарихтың сырын меңзеп, әлі зерт­телмеген бірнеше нысанға бағыт беріп тұрған сыңайлы. Қағанат пен хандықтың салтанат құрған тұсы­нан бөлек ежелгі дәуірдің, Сақ даласының Ұлы далаға айналуына дейінгі кезеңді қамтитын тұста­рының өзі ұрпақ санасында сайрап, тілге көп дүниені салып жатқандай. Көне өркениет пен ежелгі дәуір мәдениетін са­бақтас­тырған мекеннің киесі және Есіл өзенінің аңғарында, Нұра мен Есіл­дің бір-біріне ең жақын ор­наласқан жерінде тұрған қасиетті орда. Қаланың пайда болуына, біздің бабаларымыздың бұл ме­кенді қо­ныс ретінде таңдауына оның Еу­разия кеңістігінің шығыс бөлігінің орталығында орналасуы ерекше ықпал еткенге ұқсайды. Бұл жер геостратегиялық фактор тұрғысы­нан алып қарағанда аса маңызды. Мұнда сауда керуендері ғана емес, сондай-ақ Еуразияның ежелгі тұр­ғындарының әскери-мигра­ция­­лық жолдары қиылыса­ты­ны­ның өзі бір зерттеу жұмысы болмақ. Әдеби және тілдік тұрғысынан да «Бұзық» – түркі-оғыз термині, ежелгі түркі мемлекеттерінің әкім­шілік құрылымның шығыс бөлі­гінің атауы. Мағынасына қарай түркі – оғыз термині «Бұзық» – енуші, бұзушы оқ немесе «Боз оқ» дейтін болсақ, боз түсті оқ дегенді білдіреді. Ежелгі түрік оқуы бойынша «Бозоқ» деп айту әлдеқайда дұрыс. Сан алуан өзгерістерге түсе оты­рып, ежелгі ескерткіш Бұзық қала­шығы деген атауға ие болады. Боз түркі сөзінің этимологиясы бір­қатар ауыспалы семантикалық мағына береді, олардың ішінде: өңделмеген жер, тың, жусан деген мағынасы және бар. Адамдарды, халықты жа­қын­дастыратын немесе алшақ­тататын, бірлігі мен бірегейлігіне дәнекер болатын құдірет бар, ол құдірет – тарих. Тарихқа қызық­пайтын, өз тарихын қорғамайтын жан жоқ. Жаппай қызығушылық тарихты баяндаудың, ақиқатын ашуға тырысудың бұрынғыдан өз­геше әдіс-тәсілдерін дүниеге әке­ліп, адам өміріне мән бітіріп, ын­таландыра түседі. Әр адам өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты ба­ғалай біле алса және болашаққа оң көзқарас таныту арқылы еліміздің табысты болуының кепілі бола аларына сөзсіз сенім болады!

Сәуле ДОСПАЕВА