«Қызыл» сызықтағы нысандар бұзыла ма?
«Қызыл» сызықтағы нысандар бұзыла ма?
781
оқылды
Алматы тұрғындары қала ішіндегі қап­таған заңсыз сауда орындарынан әб­ден мезі болды. Соңғы кезде мұн­дай коммерциялық нысандар жа­уын­­­нан кейінгі саңырауқұлақтай қап­­­тап кетті. Олардың кейбірінің құ­­­­­­рылысы қолданысқа заңнамаға сай келмейтіні анықталып, сот ше­ші­мін шығарып қойса да, сүрілмей тұр. Сот шешімін орындауға асықпайды Заңсыз екені анықталған нысандар тек сауда орындары емес, олардың ара­сын­­да түрлі жазғы дәмхана сияқты ком­мер­ция­лық орындар да бар. Олардың көп­ші­лігіне қатысты сүріп тастау туралы сот ше­шімі шығып та қойған. Алайда олар асы­ғар емес. Кейбіреулері бірінші са­ты­да­ғы сот шешіміне келіспей аппеля­ция­лық сотқа шағым түсіру арқылы уа­қыт­ты соз­ғысы келетін көрінеді. Со­лар­дың бірі – Әуезов ауданына қарасты Тө­ле би мен Бауыржан Момышұлы кө­ше­лерінің қиы­лысында орналасқан бір­неше ны­сан. Олардың ішінде жазғы кафе мен сау­да дүңгіршектері бар. Дәл осы ны­сан­ды алып тастауға қатысты соңғы ше­шім­нің шығуына бір жарым жыл­ға жуық уа­қыт кетті. Негізінде, атал­ған жер те­лі­мін кәсіпкер үш жыл мер­зім­ге жалға алу құ­қығымен пайдаланған. Жалға алу мер­зімі 2021 жылдың басында аяқталған. Ке­лісімшартқа сәйкес жалдау мерзімі аяқ­талғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мем­лекеттік қорға қайтаруы ке­рек еді, бір­ақ ол мұны өз еркімен жа­сау­дан бас тарт­ты. Сондықтан Алматы қаласы әкім­дігінің Қала құрылысын бақылау бас­қармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінуге мәжбүр болған.
«Нәтижесінде, 2021 жылғы 15 қыр­күйек­те мамандандырылған аудана­ра­лық экономикалық сот өз бетінше са­лын­ған нысандарды сүріп, жер телімін қай­тару туралы шешім қабылдады. Бұл ше­шімге келіспеген кәсіпкер апелля­ция­лық сотқа наразылық түсірген. Осы та­лап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Ал­маты қалалық сотында қараусыз қал­дырылды. Нәтижесінде, бірінші саты­да­ғы соттың шешімі ұзақ сот талқылау­лары­нан кейін өткен аптада ғана заңды күшіне енді. Қазір Алматы қаласы Әділет де­партаменті сот орындаушыларының ны­сандарды бұзу күнін белгілеп жатыр», – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары.
Тұрғындар да кәсібін кеңейтудің қа­мы­мен жүргіншілерге арналған жолды жауып тастаған кәсіпкерлердің әрекетіне наразы.
«Мен осы ауданда тұрамын. Көше қиы­­лысында тұрған заңсыз салынған дүң­гіршектер мен жазғы дәмхана кө­ше­нің сәнін ғана бұзып тұрған жоқ, осы ша­ғынаудан тұрғындарына айтарлықтай қолайсыздық та тудырады. Шүпірлеген дүң­гіршектер, тамақтану орындары Төле би көшесіндегі жаяу жүргіншілерге ар­налған жолдың жартысынан көбін жауып тастаған. Екіншіден, осындай заң­сыз салынған тамақтану орнының маңында тазалық та жоқ. Аталған көше қиылысында заманауи талапқа сай салынған базар тұр. Ол жерде тамақтану орны мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, азық-түлік сатылатындықтан, біз кө­шенің келесі бетін жабайы базарға ай­налдыруға қарсымыз», – дейді осы ау­данның тұрғындары атынан пікір біл­дірген Гүлнар Мағзұмова.
Тұрғынның сөзінше, ол аздай дәл осы қиылыста сұйылтылған газ сататын бе­кет тұр. Оған жақын жерде нан пісі­ре­тін ашық пеш қойылған дүңгіршек ор­на­ласқан. Көпшілік сол маңайдағы тұр­ғындардың барлығында аяқасты өрт бо­ла қалса бекет жарылып кете ме деген қор­қынышпен өмір сүріп жүр. 500 заңсыз нысан анықталды Негізінен, алып мегаполисте мұндай ретсіз салынған, қазір сүрілуге жататын ны­сандар жүздеп саналады. Өткен 2022 жы­лы жүргізілген мониторинг нәти­же­лері бойынша мегаполисте 500-ден ас­там заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны анықталған. Олар жер телімдері заңсыз иемденгенінен бө­лек адам өміріне қауіп төндіріп жатыр. Бар­лығы дерлік электр желілеріне заң­сыз қосылған. Мамандардың айтуынша қаладағы жарықтың аяқасты жиі өшіп қалатыны осындай орындарға заңсыз тартылған электр желілерінің тұйық­та­лып қалуынан болатын көрінеді. Бір қы­зығы, осыған дейін қаладағы стацио­нар­лық емес сауда орындарын орнату­дың арнайы сызбасы бекітілмеген екен. Әкімдіктің айтуынша, ондай сызба енді ғана әзірленіп жатқан көрінеді. Содан кейін барлығы сол сызбаға сәкес орна­лас­тырылатын болады деп отыр.
«Біз қазірдің өзінде заңсыз ста­цио­нар­лы емес сауда нысандарының меншік ие­­лері­мен өз еркімен сүру бойынша тү­­­­сіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр­мыз. Сондықтан алдағы уақытта стацио­нар­лық емес сауда нысандарын өздігінен салудың алдын алу үшін Алматы қаласы әкімдігінің Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру сыз­баларын әзірлеп жатыр. Енді ста­цио­нарлық емес сауда нысандарын қатаң түр­де осы сызбаға сәйкес орнатуға рұқ­сат беріледі», – дейді қалалық Кәсіп­кер­лік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев.
Басқарма басшысының айтуынша, орналастыру сызбалары бекітілгеннен кейін 2023 жылдың екінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдар заңсыз ста­ц­ионарлы емес сауда нысандарын сүру жұмыстарын бастайды. Мұндай нүк­телер инженерлік желілерден ажы­ра­тылады. Сонымен қатар ережеге ба­ғын­байтын саудагерлерге қатысты Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы ко­декс­тің 204 және 505-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданы­ла­ды. Жалпы, Алматыдағы осындай бей­берекет салынған нысандар туралы бұ­ған дейін де талай рет айтылды. Жа­зыл­ды. Өкінішке қарай, қала тұғындары күт­кендей шешім шықпады. Оның не­гіз­гі себебін жауапты орындардың сал­ғырттығымен байланыстыруға болады. Қала басшылығы өз жауаптарында іске ен­ді білек түре кірісуге дайын екенін айт­ты. Енді сөзбұйдаға салмай, бастаған ізін аяқсыз қалдырып кетпесе болғаны.

 Алматы қаласы