1 миллион доллар. Үй. Көлік – Болат Назарбаев бұрынғы тоқалына не берді?
1 миллион доллар. Үй. Көлік – Болат Назарбаев бұрынғы тоқалына не берді?
2,440
оқылды
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы экс-президенттің інісі өзіне қандай сый-сияпат жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"2016 жылы ол кісімен таныстық. “Келесі күні таңертең сағат 8-де кел”, – деді. Ол кезде жасым 27-де. Маған бірден 15 сотық жер мен 362 шаршы метр үй сыйлады. Осыдан кейін 1 апта өткен соң некемізді қидық", – дейді Динара Әлжан.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай таныстық сәтін нақтылаған сәтте, мынадай оқиғамен бөлісті.
"Алғашқы кездесуге келгенде "Неге кішкентай сөмкемен келдің, жаным?" дегенде мені төмендетпек болды деп ойлағанмын. Бірақ ол "Жоқ, жаным, ақшаны енді қайда салып беремін?" деді”, – деп есіне алды бұрынғы тоқал.
Ол өзіне берген ақшаны не істегенін де жасырмады.
"1 миллион долларға жуық қаражат берді. Көмек ретінде, жағдайымды жасасын деп. Анам бар, анама операция жасауға жақсы көмектесті. Ол ақшаны алдым да анама үй алып бердім Ақтаудан, ағама көлік алып бердім. Кредиттерін жауып бердім. Дым көрмегендік емес, жақындарыма көмектескім келді", – дейді Динара Әлжан.
Ол Болат Назарбаевты халық аузында жүргендей емес деп, жақсы адам ретінде сипаттады.
"Көтеріп қалғаннан кейін, балам түсіп қалды. Дәтім бармады айтуға. Мен қорықтым ол кісіні жоғалтып аламын ба, менен кетіп қала ма деп. Ол кісі “Көтерерсің әлі, уайымдама” деп айтты. Мен жақсы көріп қалдым", – дейді Динара Әлжан.
Олар 2018 жылы ажырасып кеткен.