Бүгін Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының алтыны үшін жекпе-жекке шығады
Бүгін Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының алтыны үшін жекпе-жекке шығады
781
оқылды
Үндістанның Нью-Дели қаласында бүгін бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетеді. Аса ауыр салмақта 2016 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық Ләззат Күнгейбаева Марокко өкілі Марди Хадиджамен рингке шығады. М.Хадиджа – әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (2022 жылы – күміс, 2019 жылы – қола), 2022 жылғы Африка жеңімпазы, 2019 жылғы Африка ойындарының чемпионы. Л.Күнгейбаева мен М.Хадиджа Астана уақытымен сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда ең соңғы жұп болып жұдырықтасады. Әлем чемпионаты  Qazsport  телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.