Футболдан Қазақстан құрамасының құны белгілі болды: Дания футболшылары 14 есе қымбат бағаланды
Футболдан Қазақстан құрамасының құны белгілі болды: Дания футболшылары 14 есе қымбат бағаланды
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу циклі аясында Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Sports.kz беделді Transfermarkt порталының ақпаратына сүйене отырып, Қазақстан құрамасы ойыншыларының жалпы құнын анықтады. Магомед Адиевтің шәкірттерінің жалпы құны – 19 миллион евро, ал Дания құрамасының ойыншылары 262 миллион евроға бағаланды, бұл шамамен 14 есе көп. Естеріңізге сала кетейік, «Астана Аренадағы» матчтың 73-ші минутына дейін қазақстандық ұжым 0:2 есебімен жеңіліп жатқан, алайда кездесу соңына дейін қазақстандықтар Бақтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген және Абат Аймбетовтың көмегімен жеңісті жұлып алды.