Қазақстандық футболшылар Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады
Қазақстандық футболшылар Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады
Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі
975
оқылды
Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады, –  деп хабарлады Хабар24kz. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандық футболшылар үшін жанкүйерлері мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.
«Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды», – деді футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.