«AMANAT» партиясы Мәжілістегі депутаттардың жаңа құрамын бекітті
«AMANAT» партиясы Мәжілістегі депутаттардың жаңа құрамын бекітті
© Sputnik
1,868
оқылды
«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32 пайызды құрайды. amanat Партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9 пайыз дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.