Оңтүстік Кореяда жасырынып жүрген қазақстандық үшін ірі сыйақы тағайындалды
Оңтүстік Кореяда жасырынып жүрген қазақстандық үшін ірі сыйақы тағайындалды
Оңтүстік Корея қашып кеткен қазақстандықты ұстауға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынды.
"Нұрсұлтанға көмектескен отандастар! Егер кімде-кім оған көмектессе немесе оның қайда екенін білсе, бірақ бұл туралы хабарламаса, Нұрсұлтанның қасындағы адамдар қорықпай жүгіне алады, сіз туралы ақпарат еш жерде жарияланбайды!"– делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берген болатын. Ведомствоның ақпаратынша, Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкенттен Koreana ұшағымен келген. Оларға елге кіруге тыйым салынды және депортация рейсін күту керек болған, бірақ олар Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз кетіп қалған.