Сенатор ауылшаруашылық телеарнасын құруды ұсынды
Сенатор ауылшаруашылық телеарнасын құруды ұсынды
© inozpress
212
оқылды
Сенаттағы агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша парламенттік тыңдалымда депутат Дүйсенғазы Мусин мамандандырылған Аграрлық телеарна құруды ұсынды, - деп хабарлайды zakon.kz. Оның пайымдауынша, ауылдық елді мекендерді дамытудағы негізгі мәселелердің бірі - ақпараттың жетіспеуі.
Ауыл шаруаларына озық технологиялар, мемлекеттік қолдау шаралары, заңнамадағы өзгерістер, нарықтық маркетинг туралы ақпарат жеткілікті деңгейде берілуі керек, - дейді сенатор.
Ол сонымен қатар бұл саланы алға жылжыту үшін ғылымдағы инновациялар, озық тәжірибелер және еңбек адамының имиджі туралы бейнероликтер мен бағдарламалар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Осыған байланысты мамандандырылған ауылшаруашылық телеарнасын құру қажет деп санаймыз, - деп сөзін түйіндеді сенатор.