Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских жаңадан сайланған депутаттарға жүктелген міндет көп екенін жеткізді. – Бүгін өздеріңіз байқағаныңыздай, Президент мырза палатаның қос отырысында өте жақсы, маңызды әрі пайымды үндеу жасады. Алға қойған жоспар өте көп. Әрине, Президенттің жүргізген реформалары өте жемісті болып іске асты. Қаншама саяси науқан өткені бәрімізге белгілі. Енді жаңа Мәжілістің алдына қойылатын көптеген талаптар, жоспарлар бар. Оның ішінде бірқатарын атап өтетін болсақ, ол әлбетте ашық, жүйелі түрде тиімді болатын Салық кодексін қалыптастыру. Одан кейін, болашақтағы туризм саласына көбірек мән беру. Оның ішінде инфрақұрылым, жол мәселелері бар. Және үшінші мәселе – адам капиталын дамыту. Оның ішінде түрлі әлеуметтік мәселелер, – деді депутат.