Түркістанда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
Түркістанда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
7,260
оқылды
Түркістанда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың мәйіті «Арыс-Түркістан» каналынан табылды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары осыдан 5 күн бұрын Түркістан қаласында жоғалған қыздың денесін тапты. Оқиға орнынан 11 шақырым жерден мәйітті судан алып шықты. түркістан
«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 жеке құрамы, 1 квадрокоптер, 7 техникасы және жедел құтқару жасағының 5 сүңгуірі, 2 жүзу қайығы, 1 техникасы жұмылдырылды. Полиция департаментінен 20 адам, 4 техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 техника көмекке келді»,  – делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
түркістан 25 наурыз күні шамамен сағат 17.00 шамасында қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.