Жамбыл облысында пышақталған ауыл әкімінің жағдайы белгілі болды
Жамбыл облысында пышақталған ауыл әкімінің жағдайы белгілі болды
1,464
оқылды
Дәрігерлер 46 жастағы шенеуніктің өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. Әкім бес күннен кейін ауруханадан шығуы да мүмкін.
Меркі ауданы Ойтал ауылының әкімі алты күн бұрын өз жұмыс орнында пышақталған. Суық қару денесінің бірнеше жерін жарақаттапты. Ол осыдан кейін есінен танып, шұғыл ауруханаға жеткізілген. Дереу ота жасалып, екі күнен кейін әзер есін жиған науқас бүгін жалпы палатаға ауыстырылыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Қарнынан пышақ жарақатын алған. Науқасқа жедел ота жасалды. Отадан кейінгі диагнозы - ұйқы безі басының жарақаты. Ота сәтті өтті. Қазір оның жағдайы қанағаттарлық деңгейде",– деді Меркі ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі Алмас Парманқұлов.
Әкімге пышақ жұмсаған жергілікті тұрғын болып шықты. Бірақ оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз