Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалына өтті
Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалына өтті
967
оқылды
Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалына өтті. Қазақстандық теннисші 1 сағат 54 минутқа созылған ойында әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы 7:6 (3), 6:4 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы Майами мастерс додасында ресейлік Анна Калинскаямен матчта 14, испаниялық Паула Бадосамен ойында 12, бельгиялық Элиза Мертенспен, италиялық Мартина Тревизанмен бәсекеде 10-10-нан эйс жасады. Сондай-ақ бүгін жартылай финалда 11 эйске қол жеткізді.