Жаңаөзенде иттерді аяусыз қырып жатыр

Жаңаөзенде иттерді аяусыз қырып жатыр

Желіде тараған бейнежазба кадрларынан ер адамның иттерді қарумен атып, кейін денесін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады. Видеода кадр сыртындағы дауыс өлген иттердің денелерін санап жатыр, олардың саны – 18. Олардың арасында тірі күшік пен овчарка иті де бар болып шықты.

“Біз мұнда жануарлардың барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ, олар келіп иттерді өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, күлге апарып тастайды. Мұнда не болып жатыр өзі?!", – дейді зооқорғаушы.
Желіде қазақстандықтар видеоға наразы пікірлер қалдыруда. Олар шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрайды.