Камераға қызыққан қар барысы бейнежазбаға анық түсіп қалған
Камераға қызыққан қар барысы бейнежазбаға анық түсіп қалған
276
оқылды
Камераға қызыққан қар барысы Алтын-Емел ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалды. Кадрлардан жануардың камераны байқап, оған жақын келіп, ойнап тұрған сәтін көруге болады. Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, жануарлар кадрларға кездейсоқ түсіп қалып, әдетте байқамай өтіп кетеді. Егер байқап қалса, ормандағы ерекше құбылыс ретінде оған қызығушылық танытады. Айта кету керек, жабайы жануарлардың қозғалысын бақылау үшін ұлттық паркте 15 фототұзақ орнатылған. Қар барысы объективке жиі түседі.