"Жауын, қар, жел": алдағы 3 күнгі ауа райы болжамы жарияланды
"Жауын, қар, жел": алдағы 3 күнгі ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envato.com
499
оқылды
"Қазгидромет" РМК алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады. «5-6 сәуірде Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр аудандарынан жылжыған солтүстік циклонның әсерінен 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі» делінген хабарламада.