Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты
Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты
938
оқылды
Бүгін, 3 сәуір күні Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Нәтижесінде, аталған турнирде қола жүлде жеңіп алған қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылаған. Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық дзюдошылар ішінде Абиба Абужақынова үздік бестікке енген. Ал ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшаев 15-орынға тұрақтаған.