Ақкөл қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде өзін белгілі бір азаматтар құлдықта ұстағаны туралы видео таратып, көмек сұрады. Полиция қызметі осы жазбаға байланысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.
«Ақмола облысының Полиция департаменті азамат А.-ның өтінішімен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Дене жарақаттарын тексеру үшін Астана қалалық сот сараптамасы институтында сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады ведомстводан.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу кезеңінде куәгерлер анықталып, жәбірленушінің және ол көрсеткен адамдардың айғақтары мұқият тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Қылмыстық істі тергеу барысын Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алды.