Қазақстан десанттық-шабуылдаушы әскерінің 500 мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі өздерінің алғашқы парашютпен секіруін орындады.
«Тікұшақпен биікке көтерілген кезде қорқыныш болды. Кейін «дайындалыңдар» деген белгі берілді. Мен қатарда үшінші болып тұрдым, алдымдағы балалар бірінен кейін бірі секіре бастады, мен де жақындап бұрын-сонды тіпті ойламаған сұлулықты көрдім. Ағаларымыз үйреткендей, мен парашют ашу үшін бірқатар іс-қимылдарды орындай бастадым. Шексіз аспанның құшағына енген кезде қуаныш, құлшыныс, таң қалу тіпті қорқыныш сынды сезмдер бойымды биледі. Секіргеннен кейін жоғары қарап аспандағы жарқыраған күнді көріп қорқынышым сейілді. Бұл керемет эмоцияларды мен ешқашан ұмытпаймы», – деді мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Мирас Қуанышбайұлы.Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің әскери қызметшілері үшін әуе-десенттық даярлық жауынгерлік дайындықтың негізгі пәні болып табылады. Оның мақсаты – қарсыластың тылында жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың тұрақты түрде даярлығын қамтамасыз ету. Әуе-десанттық даярлық бағдарламасы келесі кезеңі бойынша мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қарумен секіруді орындайды.