Бірнеше аймақта нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Бірнеше аймақта нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Фото: m.fishki.net
5,442
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етеді. Күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауады. Таулы аумақтарда нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде Алматы облысының таулы аумақтарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аумақтарында 1-6 градусқа дейін үсік жүреді. Суық сақталады.