«Біздің «Болашақ» филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жедел желі арқылы осы қоғамдық қордың басшысы көшуге көмек көрсету туралы өтініш білдіріп хабарласты. «Ана Үйі» бірқатар жағдайға байланысты жаңа орынға көшуге мәжбүр екен. Біз шетте қала алмадық. Бұл бастамамызды облыстық мәслихат депутаты Гюлага Илдырымов та қолдады», – дейді «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.Облыстық мәслихат депутаты Гюлага Илдырымов заттар мен жиһаздарды тасымалдау үшін автокөлік ұсынған. Өз кезегінде «Болашақ» филиалының белсенділері жинау-тиеу-түсіру жұмыстарына көмектесті. Осы аптада партиялықтар «Ана үйіндегі» отбасылардың жайлы тұрмысы үшін тазалық жұмыстарына көмектесуді жоспарлап отыр. Қазір қоғамдық қор бес әйелге көмек көрсетеді, олардың әрқайсысының балалары бар.
Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ