Елордада АӨК өкілдері үшін республикалық семинар басталды
Елордада АӨК өкілдері үшін республикалық семинар басталды
252
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Инновациялық технологиялар – агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуы» атты республикалық семинар өз жұмысын бастады. «ҰАҒБО» КеАҚ «Аграрлық ғылымның тәжірибелік ықпалын арттыру және ауыл шаруашылығы саласын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің инновациялық дамуына ықпал ету» миссиясын негізге ала отырып өз қызметкерлеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге еншілес ұйымдар базасы аясында диалог алаңын құру арқылы оқыту семинарларын өткізу бағдарламасын жасады, ал бұл компания қызметінің басты бағыттарының бірі – АӨК ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыру мақсатына толығымен сай келеді.
Республикалық семинарға ҰАҒБО еншілес ұйымдарының басшылары, бас инженерлер мен агрономдар, жетекші ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, АӨК саласындағы қаржы институттары, агрономия және инженерлік факультеттердің жоғарғы курс студенттері қатысуда.