Азат Мақсұм UFC-ге ауысты
Азат Мақсұм UFC-ге ауысты
881
оқылды
OCTAGON лигасы аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұмның 16-0 рекордтық көрсеткішімен UFC-ге ауысқанын хабарлады.
«Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лигаға әлем­нің үздік промоушені есік ашты. Азат Мақсұм өз сал­ма­ғында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген OCTAGON ли­гасы чемпионы атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге кел­геніне өте қуаныштымыз. Азат – OCTAGON лигасы жауын­герлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі», – деп жазды лига парақшасында.
Айта кетерлігі, осыған дейін UFC ұйымымен Асу Ал­ма­баев келісімге қол қойған еді. Екі спортшы да ең жеңіл салмақта бақ сынайды.

Айбике ЖАНАСЫЛ