Мердігер компанияға тиісті ұсыныстар берілді
Мердігер компанияға тиісті ұсыныстар берілді
© Sputnik
823
оқылды
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы тарапынан уақытша жұ­мысшы топ Жамбыл ауданы­ның Бесағаш – Түркісіб елді мекендеріне жүргізіліп жат­қан ауызсу жүйесінің құры­лыс жұмыстарына рейд жүр­гізді. Мұндағы жұмысты мердігер компания «Көлсай строй» ЖШС 2021 жылдың қыркүйек айында бастаған. Құрылыс өткен жылдың 8 қазанында толықтай аяқталуы тиіс болатын. Дегенмен компания өзіне жүктелген міндетті толық орындамай, құрылыс әлі күнге созбалаңға салынып келеді. Осы орайда, мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын жүргізу талаптары сақталмауы бойынша актілер толтырылып ескертулер берілген. Ескертулер бойынша қабылданған шаралар жеткіліксіз болып, Жамбыл облысы әкім­дігінің мемлекеттік сәулет-құ­рылыс бақылау басқармасына тиісті хат жолданды. Партия облыстық филиалы жа­­нынан құрылған топ рейд бары­сында Бесағаш –Түркісіб елді мекендерін ауызсу жүйесінің құ­ры­лыс жұмыстарымен таны­сып, «Көлсай строй» ЖШС мер­дігеріне Бесағаш ауылына ағым­дағы жылдың 20 сәуіріне дейін Түркісіб ауылына 20 маусымға дейін ауыз­суды қосу туралы ұсыныс берді.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ