Жамбылда қар барысы бейнетаспаға түсті
Жамбылда қар барысы бейнетаспаға түсті
Фото: Интернеттен алынды
590
оқылды
Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы ерекше қорғалатын таулы аумақта Қызыл кітапқа енген қар барысы видеоға түсіп қалды. Меркі ормандары және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары қойған фото-бейне таспаға үш бірдей қар барысы түсіп отыр. Аталған видео қолымызға тиген бойда ең алдымын Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарласып, видеоның қаншалықты рас екенін анықтадық.
– Бұл 100 пайызға рас дүние. Мамандарымыздың фото таспаға үш қар барысы 26 ақпан  күні түсті. Негізі қаңтар айының 12-жұлдызы күні де бір қар барысы фото таспаға түскен болатын. Сол себепті, сол маңға көптеп құрылғыларды орнатқанбыз. Міне, тағы үш қар барысының барын анықтап отырмыз. Алайда аңдардың сақтығы үшін видеоға түскен жердің нақты аумағын  айта алмаймыз. Десе де біз қазір арнайы жоба дайындап, сол маңнан парк ашсақ па отырмыз. Яғни, парк аумағында  аңшылық жүргізуге және жеке шаруашылықпен айналысуға тиым жасамақпыз. Сондай-ақ арнаулы парктың аумағында ерекше кездесетін өсімдіктерді де өсірсек деген жоспарымыз бар. Видеодағы үш қар барысы облыс үшін үлкен олжа болып тұр, – дейді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының  орынбасары Айбар Әділбақов.
Бұл сөз жоқ, өңір табиғаты үшін теңдессіз олжа екені даусыз. Енді тек паркті тездетіп құрып, қар барыстарын арнайы қорғауға алсақ игі.   https://www.youtube.com/watch?v=6P1vJWI3gQg Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы