Елімізде сәби өлімі азайып келеді – Жансая Темірбекқызы
Елімізде сәби өлімі азайып келеді – Жансая Темірбекқызы
791
оқылды
Жансая Темірбекқызының елордадағы №2 көп­бейін­ді емханада неонатолог-дәрігер болып жұ­мыс істегеніне 13 жылға жуықтаған. Оның ая­лы алақанының арқасында мыңдаған сәби қатарға қо­сылып, сөнген үміт қайта тұтанды. Әсіресе, жас анаға нео­натологтың білгенін үйретіп, қамқор болғаны маңыз­ды. Өйткені босану кезеңінен кейін шақалақ пен ана жал­ғыз қалады. Күйзеліс кезеңінің осы сәттен басталатынын ес­керсек, білікті маман жағдайды біршама жеңілдетеді. Се­бебі жас босанған аналардың тәжірибесі аз. – Жансая ханым, өткен жылғы дерек бойын­­ша елімізге 100 шақты неонатолог дә­рігер жетіспейді екен. Осы орайда нео­на­толог дәрігердің міндеті мен жауап­кер­ші­лі­гіне тоқталсаңыз... – Ең бірінші, неонатолог дәрігер кім еке­ніне тоқталып өтсем. Өйткені көп­ші­лік бұл саланы біле бермейді. Неонатолог – жаңа туған нәрестенің кіндігі кесіл­ген­-нен бастап, 28 күнге дейін бала денсау­лы­ғын бақылайтын дәрігер. Соның ішінде ауру балаларды да назардан тыс қалдыр­май­мыз. Неонатологтар жаңа туған нә­­­­рестенің денсаулығына, емдік-диагнос­ти­калық шараға, күтіміне жауап береді. Со­нымен қатар нәресте күтіміне мед­би­ке­лердің де үлесі зор. Бірінші кезекте ұжым­ның бірге жұмыс атқаруы маңызды. Нео­натология саласы – өте күрделі сала. Дамыған мемлекеттердің стандарты бойынша бізде неонатолог дәрігерлер жет­кілікті. Ал ел стандарты бойынша нео­натолог дәрігерлер жеткіліксіз. Мысалы, АҚШ-та салмағы 1000 грамм төмен нә­рес­тені емдеп, жанын сақтап қалу үшін ша­мамен 75-150 мың доллар кетеді. Орта Азия мем­ле­кеттерінің ішінде осындай нә­рестелерді емдеп, жанын сақтап, сапа­лы күтім жа­сауға шамамен 5-10 мың дол­лар кетеді. Орта Азия мемлекеттерін алып қарасақ, со­ның ішінде елімізде жаңа туған нәрес­телер өлімі көрсеткіші төмен. Яғни, мем­ле­кет тарапынан, Денсаулық сақтау ми­нистрлігі тарапынан жүргізіліп жатқан ша­ра, неонатолог және медбикелердің күні-түні жасаған еңбегі жақсы нәтиже көр­сетіп жатыр. Бірақ әлі де алға ұмтылуға, дамуға жол бастау керек. Сондықтан мед­бикелермен бірге нәрестелерге барынша жағ­дай жасап, сапалы күтім жасауға ты­рысып жүрміз. Осылайша, сапа көрсет­кішін арттыру арқылы өлім көрсеткішін төмендетеміз. – Байқауымызша, көпшілік бұл маман­дық­ты таңдай бермейді. Өзіңіз ЖОО-да дә­ріс оқисыз... – ЖОО-да студенттер алғашқы бес жыл­да жалпы медицина бойынша бака­лав­риат, екі жыл жалпы тәжірбиелі дәрі­гер бойынша интернатурада білім алады. Содан кейін неонатология кафедрасына емтихан тапсыру арқылы екі жыл рези­ден­тураға түседі. Неонатология саласы күр­делі болуына байланысты көбіне сту­денттер резидентураға түсе алмайды. Нео­натолог мамандығын таңдау үшін сту­дентте ең бірінші балаға деген махаб­бат, білім, төзім, сабыр, адамгершілікпен қа­тар жаңаны үйренуге бейімі болуы ке­рек.  – Жаңа туған сәбидің өмірі үшін күре­се­сіздер. Шақалақ үшін алғашқы үш тәу­лік­тің маңызды екенін айтып жатады. – Жаңа туған сәбидің өмірі анасының жүктілікке дейінгі, жүктілік барысы, бо­сану мен туғаннан кейін екі жылға дейін­­­­гі кезеңнің қалай өткеніне тікелей бай­­ла­нысты. Аталған кезең бала ден­сау­лы­ғы мен дамуы үшін өте маңызды. Со­ның ішінде перзентханадағы алғашқы үш күн­ге тоқталатын болсақ, сол аралықта нә­рестенің сыртқы ортаға бейімделуі, қа­лыптасуы, анасы мен нәрестенің қа­рым-қатынасы, байланыс процесі жүреді. Ең маңыздысы, нәрестені ана сүтімен қо­рек­тендіруге үйрету керек. Сол үшін нео­натологтар, медбикелер жас аналарға ба­рынша өзін еркін сезінуге, сәбиіне мейі­рім төгуге кеңес беріп, ана сүтінің маңы­зын түсіндіруге тырысамыз. – Неонатолог реанимация жайын да жақ­сы білуі қажет. Бала өмірін сақтап қалу маңыз­ды. Осындай жедел көмек көрсетіп, бала өмірін сақтап қалған оқиғаңыз есіңізде ме? – Бала өмірін сақтап қалу үшін жан­сақ­­тау бөлімінде үздіксіз жұмыс істеген сәтім жетерлік. Осы орайда мына бір оқи­ға есіме түсіп отыр. Ең алғаш 600 грамм бо­лып туған шақалақтың өмірі үшін кү­рескеніміз әлі күнге есімде. Айталық, сол сәбиге жансақтау кезеңінде мүлтіксіз ин­тубация жасадық. Жағдайының бір­ша­ма жақсарғанын көргендегі көңіл күйімді сөз­бен айтып жеткізу мүмкін емес. Әрі өзі сон­дай кішкентай. Перзентханадағы мер­зім ішінде бәріміз оған бауыр басып, жа­қын тартып кеттік. Салмағы екі келіге жет­кенше, үйіне аман-есен шыққанша ба­қылауымда болды. Әрбір нәтижелі реа­нимация шараларынан кейін, нео­на­то­лог­тың арқасынан жүк түскендей болады. Кіш­кентай пациенттердің дін аман бо­лып, өмірге бейімделіп кетуі үшін талмай ең­бек етіп келеміз. дәрігер – Көбінесе алғаш босанған әйелдердің бір­аз нәрседен хабары жоқ. Сондай кезде сіз­дер көмекке келесіздер. Әсіресе, баланы емізу, күту жағын білмей жатады. Осы жа­йын­да айтып берсеңіз... – Қазір әрбір емханада жас анаға бо­сан­­ғанға дейін кезеңде, босану кезеңінде, бо­санғаннан кейінгі кезеңде не істеу кере­гін арнайы үйрететін «Ана мектебі» бар. Ана мектебінде алғашқы толғақ бастал­ған­нан, перзентханаға түскен уақыттан бас­тап, босану процесі кезінде, босан­ған­нан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестені қа­лай омырауға салу, нәрестені күту бар­лы­ғын үйретеді. Десе де, жас аналардың дені Ана мектебіне барлығы бармайды. Кө­бінесе оның қажеті жоқ деп ойлайды. Сон­дықтан перзентханаға дайындықсыз ке­леді. Содан кейін көп нәрсені түсінбей, ар­тынша жағдайды ушықтырып алатын сәт­тер болады. Осы орайда неонатолог пен ­медбике жас босанған анаға нәрестені омы­рауға салып емізуді, баланың жалпы кү­тімін, адаптациялық кезеңді, транзи­тор­лы жағдайды үйретеді. Әсіресе, меди­би­келер күні-түні қиналған анаға жәрдем­де­сіп, сүт безіне массаж жасап, тікеден тік тұра­ды. Өйткені баланы дұрыс омырауға сал­маса, сүт безі қатайып кетуі мүмкін. Оны уақытында біліп, көмек көрсетпесе, ар­ты түрлі ауруға ұласады. Айтпағым, жүк­тілікке дайындалып, барынша білім алып, жаңа дүниені үйренуден қашпаңыз. – Ал шала туған сәби күтімі жайлы не айтасыз? 22 аптадан бастап, салмағы 500 грамм шақалақты ары қарай адам қа­та­рына қосуға бола ма? – Әрине, болады. Мерзімінен ерте ту­ған нәрестелер қоршаған ортаның әр­түрлі жағымсыз факторына өте сезім­тал. Сондықтан салмағы 500 грамм болып дү­­­ниеге келген нәрестені екі келіге жет­кі­зіп, аман-есен үйіне жіберуге тыры­са­мыз. Ал бұл кезең орта есеппен 4-6 ай уа­қыт алады. Осы аралықта шақалақ нео­натолог пен медбикелердің қатаң ба­қы­лауында болады. Бұл өте үлкен еңбекті, шыдамдылықты, білімді талап етеді. – Десе де қандай жағдайда сәбиді аман алып қала алмайсыздар? Сәби өліміне не себеп болады? – Егер нәрестеде өміріне қауіпті туа пай­да болған ақаулар болса, амалымыз жоқ. Мысалы, туа пайда болған жүрек ақауы, туа пайда болған орталық жүйке жүйе­сінің бұзылысы, анасында ауыр аку­шерлік анамнезі болса жағдай қиындайды. Ана­сында жүктілік кезінде инфекциялық аурулар болса, нәрестеде туа пайда болған сепсис болса сәби өміріне қауіп төнеді. Со­­­нымен қатар анасында ерте босану қау­пі болған жағдайда, жүктілік кезінде ты­ныс жетіспеушілігі синдромына про­фи­лактика жасалмаса, 750 грамм-нан төмен нә­рестелерде өлім қаупі жоғары. Жоғары­да айтқанымдай, ТМД мемле­кет­терімен салыстырғанда, ел перзент­ха­на­ларындағы өлім көрсеткіші төмен.

Сұхбаттасқан Айзат АЙДАРҚЫЗЫ