Синоптиктер 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
2,107
оқылды
"Қазгидромет"  синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, қатты жел және жауын-шашын болады. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с. Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 17-22, кей жерде 27 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні облыстың солтүстігінде, батысында – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының түнде – орталығында, күндіз – оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел екпіні  – 15-20, кей уақытта 25 м/с жетеді. Алматы қаласында ертең кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні – 15 м/с. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында күн күркірейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с болады.