Raim мен Ерке Есмаханның ең алғаш қалай кездескені айтылды
Raim мен Ерке Есмаханның ең алғаш қалай кездескені айтылды
1,259
оқылды
Бұл туралы Raim-мен бірге ән айтқан Артурдың сұхбатында белгілі болды. YouTube желісінде  NTK Show  арнасындағы  Taboo  бағдарламасында қонақта болған Артур Давлетяров сұхбатында Raim мен Ерке Есмаханның қарым-қатынасы қалай басталғаны жайлы   айтып берді.
"Олар 2018 жылы танысқан болатын. Біз бірге концертте болған едік. Бір автобуста отырған фото да салынды", – деді Артур Давлетяров.
Бағдарлама жүргізушісі Анара Батырхан ол оқиғаның Павлодар қаласында болғанын және өзі де сол таныстықтың куәсі болғанын атап өтті. Айта кетейік, жыл басында отандық эстрада жұлдыздары Raim мен Ерке Есмаханның отбасы құрғаны ел арасында қызу талқыға түскен болатын. Еске салайық, Ерке Есмаханның қолына 2022 жылы шілдеде павлодарлық жігіт сақина салған болатын. Павлодар қаласындағы  Ertis Promenade  сахнасында өткен концертте болған оқиғада әнші «Мен келісемін, сен мектеп бітіргенше күтемін» деп қалжыңдаған болатын.  width=