«Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымның басшысы Нұргүл Ұлжекова бүгінгі жетістігі мен еңсерген қиындықтары жайында бөлісті.
Нұргүл Ұлжекова: Мақсатымыз – ерекше балалардың өмір сапасын жақсарту
©Aykin.kz
2,113
оқылды

Еліміздегі мүгедектігі бар балалар мен жастардың жүйелі түрде бейімдік денешынықтыру және спортпен айналысуына жағдай жасау – бүгінде негізгі фактордың біріне айналды. Себебі  мүгедектігі бар балалардың саны жыл сайын өсіп келеді. Оларды диагнозы бойынша емдейтін арнайы оңалту орталықтары бар. Онда мүгедектігі бар балаларды  ортаға бейімдеп, денсаулығын түзетеді. Ал бейімдік денешынықтыру ерекше балаға қатарының алды болып, спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. 2017 жылдан бастап осымен айналысып келе жатқан «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымның басшысы Нұргүл Ұлжекова бүгінгі жетістігі мен еңсерген қиындықтары жайында сөз етті.  

Баладан басталған іс

 Оның айтуынша, мамандығы инженер-архитектор бола тұра қандай да бір әлеуметтік жобамен айналысамын деген ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.  Бірақ бәрі 2008 жылдан бастап өзгерген. Ана атанған ол егіз баласының біреуі – әлсіз, әлжуаз болып шыққан. Диагнозы – церебральді сал ауру. Есімі – Арслан. Сол күннен бастап ерекше баланың анасы атандым. Өсе келе ұлым спортқа қызығып, каратэмен айналыса бастады. Сөйтіп, оның денешынықтыруға ғана емес, өмірге деген құштарлығы оянды. Біздің балаларға керегі де сол, үздіксіз денешынықтырумен айналысса, мидың жұмысы да арттады. Басқа балалармен араласа бастап, достары да пайда болды. Бір жылдан кейін ұлым: «Мама, маған көмекші керек емес. Бәрін өзім істей аламын» деп келді. Расында, ол кезде ұлым шынығып қалған, психологиялық тұрғыда да жетілген еді. Ол кезде ұлым екінші сынып оқитын. Сөйтіп, тьютерден бас тарттық. Тьютер дегеніміз – мектепте әр балаға берілетін жеке көмекші. Ол баланың сабағына көмектесіп, ортаға сіңісуіне атсалысады. Бізде бұл қызмет Үкімет тарапынан ұсынылғандықтан, ақысын да солар төлейді. Осындай мектепті әрең тауып, баламызды қаланың арғы шетіне апарып оқытқанбыз. Ұлымның сөзінен кейін үйдің жанындағы мектепке ауыстық. Қазір жалпы орта мектепте 6-сынып оқиды, жасы – 14-те. балалар Міне, соның арқасында ерекше балалардың құқығы шектеліп, шеттетіліп жүргенін көрдік. Бірде ерекше балалардың аналарымен бірлесіп, 2016 жылы «Тең мүмкіндіктер әлемі» атты қоғамдық ұйым ашпақ болдық. Мақсат – ерекше балаларға спортпен айналысуына мүмкіндік беру, дейді Нұргүл Ұлжекова. Сөйтіп, алғаш ерекше балалардың ата-аналарымен бірге каратэге бейімдеу секциясын ашқан. Оның балаларға ұнағанын байқап, басқа да спорт түрін қамтуды ойластырған. балалар

Спорт секцияларының ашылуы – аналардың үлесі

Мұндай секциялардың қажеттігі қатты сезілді. Себебі  ашылған күннен бастап келушілердің саны көбейді. Тіпті, орын табылмай жатты. Содан қосымша секцияларды ашып, серіктес іздей бастадық. Мысалы, жүзу бойынша бірінші серіктесіміз – SPACE фитнес болды. «Ерекше балалардың анасымыз, оларға жүзуден секциясын ашпақпыз. Бірақ бассейнді жалға алатын ақша жоқ. Ал тренердің ақысын ата-аналар өз қалтасынан төлеуге дайын» деген ұсынысқа, директор орталықты бізге аптасына екі күн бір сағаттан беруге келісті. 2017 жылдың ақпан айынан бастап осы фитнес – серіктесімізге айналды, деген қоғамдық ұйымның басшысы бүгінде жүзуден ол жақта бір емес, екі топ барын айтты. балаларСонымен, каратэ мен жүзуден басталған секция, қазір спорттың 11 түрін қамтып отыр. Олар: каратэ, таэквандо, жүзу, жеңіл атлетика, голбол, боча, энклизивті би, футбол. Футболдың екі түрі бар. Бірі – сал аурумен ауыратын балаларға арналса, екіншісі – футболға бейімдеу түрі. Оның айтуынша, алғашқы филиал Павлодарда  ашылды. «Біз барлық жаттығуды Instagram парақшамызға салып отырдық. Соның арқасында өзге қалаларда тұратын аналардың жазылуы көбейе түсті. Арасынан павлодарлық ана қатты қызығушылық танытып, жарты жыл бойы өз өңірінен филиал ашуды сұрап қоймады. Содан ол бір топ шығатындай он шақты баланы жинақтады. Ал біз бір жылға төлейтін жаттықтырушының ақысын жеке кәсіпкерден таптық. Енді жаттығатын жерді шешу керек болды» деген Нұргүл Ұлжекова сол кездегі «AMANAT» партиясының басшысы Асхат Ораловтың жергілікті филиалмен сөйлесіп, демеушілік көрсеткенін сөз етті.

балалар ©Радмир Фахрутдинов

Қазір Павлодардың өзінде 100-ге жуық бала 8 спорттың түрімен айналысып жүр. Көбіне әрбір аймақтан осы мәселені көтеріп, белсенділік танытқан ата-ана  ұйымның жұмысын, яғни спорт секцияларын бақылайды. – Әр аймақтағы ерекше балалардың ата-аналары – біздің жолсерігіміз. Ерекше балалардың оңалтуымен айналысатын орталықтар негізінен үлкен қалаларда орналасқан. Ал шалғай ауыл-аудандарда оларды жинап, спортқа бейімдеу секциясын жүргізу өте қиын. Сондықтан жауапкершілікті белсенді ата-аналарға жүктейміз, – дейді ол.

балалар ©Радмир Фахрутдинов

Қолдау көрсеткен демеушілер

– Еліміздегі салмағы бар партия «AMANAT» екені белгілі. Оның үстіне, олардың «Кедергісіз келешек» атты жобасының арқасында бірлесіп, екіжақты меморандум бойынша ауыл-аймақтарда іс өрге басты. Біз әлеуметтік топтағы балалардың спортқа бейімделуіне көмектессек, партия оны жүзеге асыруына мүмкіндік берді, – дейді Нұргүл Ұлжекова. Қазір ұйым жекеменшік орталықтармен ғана емес, мемлекеттік ұйымдармен де бірлесе жұмыс  істеп жатыр. Оның ішінде қала әкімдіктері де бар. Мәселен, елорда әкімдігі қалааралық жарыстар немесе сайыстар өткізіп, қатысушылардан жиналған қаражатты қайырымдылық қорына тапсырып, көмек қолын созып жатады. Әзірге ұйым Қазақстан бойынша 22 қалада 1 090 баланы осындай секциямен қамтып отыр. Астананың өзінде спорттың сегіз түріне 250-ден астам мүгедектігі бар балалар қатысады.

балалар ©Радмир Фахрутдинов

«Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымы басшысының айтуынша, мұндай жетістікке  Samruk-Kazyna Trust  компаниясының демеушілігінің арқасында жеткен. Өйткені олар 2018 жылы жобаны таныстырып, қаржылай көмек беруін сұрап, өтінім қалдырған екен. – Бастысы, ерекше балалармен қалай жұмыс істеу керегін, жаттықтырушылардың арнайы оқытылуын үйрететінімізді көрсетіп, арнайы бағдарлама жасадық. Жобамыздың жүйелілігіне көз жеткендіктен, «Саламатты болашақ» деген бастамамен қолдау да табылды. Біз әншейін ғана ақша сұрағанымыз жоқ, осының негізінде оқу құралын шығардық. Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында денешынықтыру мұғалімдерін дайындайтын факультеттерге тегін тараттық, – дейді Нұргүл Ұлжекова.

балалар ©Радмир Фахрутдинов

Ол осы салада жүргендіктен,  Ресейдегі денешынықтыру университетіне түсіп, бейімдік денешынықтыру мамандығын алып, аспирантурасын жалғастыруда. «Қазір ғылыми қызметкер ретінде Алматыда Туризм және спорт академиясымен дуальды оқыту бойынша келісімге келіп, енді студенттер біздің балалармен айналысып,  тәжірибе ала алады. Бұл болашақ жас мамандардың біліктілігін арттыра түседі. Тіпті, соңғы кезде кейбір мекемелер өздері байланысқа шығып, бейімдік денешынықтыру бойынша маман ретінде қатысуды сұрайды. Сондықтан бұл саланың көшбасшысы –  біз»,  деген қоғамдық ұйымның басшысы жұмыс процесінің мұнымен шектелмей, депутаттармен бірлесе отырып, спортқа байланысты заңға біраз өзгерістер енгізгенін  айтты. «Елдегі бейімдік денешынықтырудың жағдайын жетілдіру мақсатында заңдық тұрғысын да қарастырып жатырмыз», деді ол.

балалар

Секцияға қалай жазылуға болады?

 – Орталыққа келгеннің бәрін бірден спортқа баули бермейміз. Ең алдымен, денсаулығына  байланысты дәрігерлердің берген тұжырымдамасына қарап, тексереміз. Өйткені бізге дцп, даун синдромы, көзі көрмейтін, құлағы естімейтіндер, аутизм секілді түрлі диагнозбен келеді. Олардың кейбіріне спортпен шұғылдануға мүлдем тыйым салынған. Мысалы, соларға рұқсат етілмейді. Топтық дайындық болғандықтан, жаттықтырушы біреу ғана. Ал оның бәріне бірдей қарап, қадағалуы қиын. Оған қоса, жаттықтырушы жаттығуды әр баланың мүмкіндігіне қарай береді. Біреуі бес рет жасаса, енді біреуі он рет істеуі мүмкін.  Бірақ бәрі бір дайындықта өтеді, – деді Нұргүл Ұлжекова. Кез келген бала 6 жастан бастап қалаған спорттық секцияға жазыла алады. Оның айтуынша, секцияға жазылмас бұрын бала алғашқы сабағына қатысып, өзіне ұнаған-ұнамағанын көреді. Жаттықтырушы да баланың қаншалықты тілалғыш екенін байқап, қатысуын құптаса, құжаттарын жинап,  секцияға тегін қатыса алады. Бір топта – 12 бала. балалар – Олармен бірге секцияға дені сау балалар да келіп жүр. Бұлар негізінен ерекше балалардың бауырлары. Егер олар өздерінің әлеуметтік осал топқа жататынын көрсете алатын құжаты болса, тегін қатысады, – дейді ол. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымының басшысы Нұргүл Ұлжекованың айтуынша, жұмыс жүйелі жүргендіктен,  ерекше балалардың арасында жылына бір рет  Children Paralympic Games  деген атаумен жарыс өткізіліп тұрады. Жарыс барысында қатысушылар жынысы, жасы, диагнозы бойынша топтастырылады. Былтырдың өзінде боччадан чемпионат өтіп, ұлттық құрама команда жасақталыпты. Ендігі мақсат – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін паралимпиадалық чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атану. Нұргүл Ұлжекованың айтуынша, олар бірінші болып Қазақстанға бейімдік спорттың түрі ретінде боччаны әкелген екен. «Бұған дейін мұнымен елімізде ешкім айналысқан емес. Өзіміз ерекше балаларға қандай спорт түрі керек екенін зерттеп жүріп, боччаны таптық. Ол әсіресе жағдайы ауыр, сал аурумен ауыратын балаларға қажет дүние. Мысалы, допты лақтыра алмайтын халдегі балаларға рампа арқылы сырғытуға үйретеді. Қазір паралимпиада спорт түріне енгізіп, бочча федерациясын аштық. Егер Спорт комитеті бюджетті бекітсе, жаңағы ұлттық құрама командаға кірген ерекше балаларға кәдімгідей жалақы төленетін болады», –  дейді ол. балалар – Біздің балалар денешынықтырумен айналысып қана қоймай, жетістікке жетуге ұмтылады. Өзін-өзі дәлелдеп, неге қол жеткізе алатынын түсінеді. Бастысы, үйдің төрт қабырғасында қамалып отырған ерекше баланың спорттық мансабын бастауға жол ашып, өмірін өзгерттік. Соның арқасында мүгедектердің ғана емес, адамдардың мүгедекке деген көзқарасы өзгерді, – деді «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымының басшысы  Нұргүл Ұлжекова.

Жеңімпаз балалар

Әсемгүл Құрмашованың сөзінше, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымы жайында тіс дәрігерінен естіпті. Оның да баласы ерекше жан екен. Соған қарамастан спорттық секцияға барып жүрген. Сөйтіп,  «Саламатты болашақ» арқылы жазылуға болатынын білген. – Өздерінің ашылғанына екі жыл ғана болыпты. Ал Дамирханды 2018 жылы  жүзуге жаздық. Бастапқыда "суға батып кете ме?" деп қорықтым. Ал қазір бір жаққа демалуға барсақ, ұлым судан шықпайды. Өзім жүзе алмаймын, жағада қаламын. Содан жанымызға жүзе алатын сіңлілерімнің біреуін ертіп аламын. Әсіресе, сүңгігенді жақсы көреді. Ішінара жарыстарға қатыса бастадық. Карантиннің алдында өткен жарыста бірінші орын алдық, – дейді  Әсемгүл Құрмашова.

балалар ©Радмир Фахрутдинов

Әуелде жалғызбасты ана баласының қандай сырқатқа душар болғанын білмеген. Перзентханада дәрігерлер де дұрыс түсіндірмепті.  Тек педиатрдың «сіз бұдан да ауыр жағдайдағы баланы көрмегенге қуаныңыз. Әлі жассыз, баладан бас тартыңыз» дегенге келіспей қойған. – Перзентханадан шыққанда нәрестенің құжаттарын қолыма ұстатты. Сол жерден оның диагнозы даун синдромы екенін білдім. Артынан Алматыға барып, толыққанды тексеруден өтіп, диагнозы расталды. Бірақ біздікі оның жеңіл түрі. «Сен өзің баланы қалай қабылдайсың, өзгелер де солай қабылдайды. Бәрі өзіңе байланысты» деген  коррекциялық мектепте істейтін әпкемнің сөзінен кейін ұлымды жақын тарта бастадым. Шүкір, өсіп келеміз.  Әнге, актерлік курстарға барып жүрміз, – деді Дамирханның анасы.

балалар ©Радмир Фахрутдинов

Ал Ариана Шрейдердің анасы бүгінде «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық ұйымының қызметкері екен. Айтуынша, жұмысқа былтырдан бастап кірген. Әуелде жүзуге қызын әкеліп жүрген. Кейін келушілерді белгілеп, олардың келуін қадағалап жүріп, бәрі көмектесуден басталған.

балалар ©Радмир Фахрутдинов

 Айтуынша, ұйым жайында аналардың ортақ чатынан көрген. Бірақ арбаға таңылған, өздігінен жүре алмайтын баланың жүзуі мүмкін емес деп ойлап, оған мән де бермеген.

балалар –  Таныс аналардың бірі «сен әуелі барып көр, бәрі ойлағаныңдай емес» деп қоймады. Сөйтіп, 2017 жылы ұйым жетекшісі Нұргүлмен байланыстым, ол бәрін түсіндіріп берді. балалар

Бірінші күннен  жаттығуға қызыммен бірге келіп, қалай өтетінін байқағым келді. Қызығы, қызым судан қорықпайды екен. Суда оның емін-еркін жүргенін көріп, қорқынышым сейілді. Жаттықтырушымен де бірден тіл табысып кетті. Қазір қызымның суда жүзгенін көру – үлкен қуаныш. Көрсеткіші де күннен-күнге жақсарып, біраз рекордқа қол жеткізіп, талай жарыстың жеңімпазы атанды. Былтыр жасөспірімдер арасындағы паралимпиадаға қатысып, екінші орын алды. Біз үшін бұл – үлкен жеңіс», – деді Светлана Шрейдер.

Қазір Ариана – 14 жаста,  оның диагнозы – церебральді сал ауру. Анасының айтуынша, Ариана – 25-26 аптасында 847 грамм болып, шала туған. Үш ай бойы ауыр халде жатқан. Тіпті, дәрігерлер аман қалатынына  сенбеген. «Біз үшін ол мүгедек емес, кәдімгі бала ретінде көреміз. Мәселен, үйде жер бауырлап жүріп керек нәрсесін өзі алып, өзі істейді. Басына түскен кез келген қиындықты еңсере алатынына сенсе дейміз. Себебі болмысының өзі күрескер», – дейді Ариананың анасы. Ариана үйдің үлкен екен. Одан бес жас кіші інісі бар.