Ұлт жанашыры

Ұлт жанашыры

Бүгінде ғылымның, жас­­тар өмірінің жаршы­сын­­дай болып, жаңалықты жеткізіп жүрген басылым алғашында 300 данамен «Үздік оқу үшін» деген ат­пен шыға бастады. Кейін тара­лымы 1 000 данаға жетті. Артынан Қазақстан Ком­­­­партиясы Орталық Ко­ми­те­тіне дейін жазып, га­зет ата­уы «Қазақ универ­си­­теті» деп өзгертілген еді. Осы күні бұл басылым әл-Фа­раби атын­­дағы ҚазҰУ-нің жа­нынан шы­ғып отыр. Осыған бастамашы болып, ыс­тық-суығына күйіп-пісіп, оның қалыптасуына бірден-бір үлес қосқан – ғалым Төлеген Тә­жібаев. Ол 1948-1953 жыл­дар аралығында қазіргі әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды. Сол кезде қасиет­ті қара шаңырақ жұмысын жол­ға қойып, оны одан әрі жан­дан­ды­руға тырысып, тың баста­ма­лар бастады. Біріншіден, оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсарту, екін­шіден оқу-тәрбиелік жұмыс­тың сапасын көтеру, үшіншіден, студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартты. Небәрі бес жылда Т.Тәжібаев бірнеше факультеттің ашылуына мұрындық болды. Оның ішінде философия, экономика, биоло­гия-топырақ, тарих факультеті өз алдына бөлініп шықты. Сол кезеңде қазақшасы жетіспей тұр­ған биология, химия, мате­ма­тика салаларында қазақ тіліндегі оқу­лықтарды көбейтіп, қазақ топ­тарын ашты. Одан бөлек, жаңадан 13 ка­фе­д­ра ашылды. Бүгінде Т.Тәжі­баев­тың бастамасымен ашыл­ған ғылым кафедраларында бі­лімді де білікті мамандар жұ­мыс істейді. Соның арасында ға­лым­ның ізгі жолын жалғап, ұр­пақ тәрбиесін жоғары қойған – Роза  Қасымова. Оның педа­­го­гика саласына жасаған ең­бегі, ізденімпаздығы болашақ ғалым-ұстаздардың біліктілігін арттыруға көмегі зор. Ғалымның шәкірттеріне үлгі боларлық ісі көп. Қазақтың белгілі жазу­шылары мен ғалымдары М.Әуезов, Е.Бекмаханов, Қ.Ыс­қақ, Б.Кенжебаев, Х.Бекхо­жин ең­бектеріне сын айтып, жөнсіз жала жапқандарға қарсы тұрып, ақ пен қараның аражігін айқындап бергені ел аузында қалып, кейін тиісті бағасын алды. Ұйымдастырушылық қабі­ле­ті­мен көзге түскен ол жас­тар­дың ғылым жолындағы із­­деністерін көре біліп, білім алуына зор мүмкіндік жасады. Бір сөзбен айтсақ, жас ғалым­дардың жүрегіне ғылым отын жаға білді. Мәселен, ауыл­дан келген студенттердің жатақ­­ханаға орналасудағы кедер­гі­лерді жойып, бақылауға алды. Әсіресе, ата-анасы жоқ, жағдайы төмен отб­асылардан шыққан сту­дент­терге қамқорлық етіп жүрді. Оның бойындағы бұл мейі­рім­ділігі балалық шағы қиын-қыстау, ашаршылық зама­нына тура келіп, қанша­ма қиындықты басынан өткергенінен болар. Өйткені ата-анасынан ерте айы­рыл­ған ол орыс отбасының қам­қорлығына алынады.  Көзі көргендер оның зеректігі, өнер мен спортқа деген құштарлығы ерте кезден бай­қал­ғанын айтуда.  

 Рахия АЯЗБЕКОВА