Партияның жіті бақылауында
Партияның жіті бақылауында
© Sputnik
382
оқылды
«Шымсити» шағын­ауда­нының көгілдір отын мен жа­рық мәселесі, «Игілік» тұрғын алабының халқын мезі еткен инфрақұрылым жайы бүгін «AMANAT» партиясы Шым­кент қалалық филиалының Партиялық бақылау ко­мис­сиясы отырысында қаралды. Комиссия төрағасының орын­басары Бауыржан Қуа­ныш­беков бастаған жиынға партия­ның қалалық филиалының Ат­қарушы хатшысы Жанар Бек­таева, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, сондай-ақ, қалалық тұрғын үй, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, құрылыс, орта сапасы және ба­қылау басқармасының басшы­лары мен мамандары, қалалық мәслихат депутаттары мен пар­тиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Мәселеге қа­нық болған комиссия мү­шелері тиісті сала мамандары­ның уәжін тыңдады. Маман­дардың ай­туын­ша, қаланы са­палы электр қуа­тымен қамту саласында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аймақтың даму жоспарына сәйкес 2025 жылы қала 100 пайыз электр жүйесімен қамтылады. Аталмыш шағы­н­аудан тұрғындарының базынасы партия филиалының жіті ба­қы­лауына алынды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ