Жанқош WBC рейтингіне енді
Жанқош WBC рейтингіне енді
804
оқылды
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Жанқош Тұраров жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBC рейтингіне енді. Тұраров дивизион рейтин­гінің жаңартылған нұсқасында 38-орынға тұрақтады. Сол сал­мақ­та Қазақстанның тағы бір өкілі Батыр Жүкембаев 35- орынға жайғасып, екі позиция төмен сырғыды. Естеріңізге сала кетейік, 21 нау­рызда Жанқош Тұраров Алма­ты­дағы бокс кешінің басты жек­пе-жегінде мексикалық Алехан­дро Менесесті мерзімінен бұрын жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта IBO әлем чемпионы атағын жеңіп алған-ды.