Реформалар жолында релаксацияға орын жоқ

Реформалар жолында релаксацияға орын жоқ

Елімізде соңғы жылдары ауқымды саяси реформалар қолға алына бастағаны мәлім. Оның алғашқы нәтижесі көпшіліктің көз алдында. Бұл орайда ғалымдардың ауқымды реформаларды жүргізуге қатысты теорияға негізделген, тәжірибе жүзінде дәлелденген өз нұсқасы бар.

Редакциядан

  Кез келген адам ыңғайлы салонда отырып, көлік басқар­ғанда қозғалыс еркіндігін керемет сезінеді. Бірқалыпты тер­беліс тіпті ұйқыға тартады. Күшті және әлеуметтік бағ­дар­ланған эко­но­миканы құруға бағытталған реформалар да осылай әсер етеді. Әлемдік пандемия, азық-түлік бағасының қымбаттауы, электр энергиясының тарифі қазіргі заманның өзекті мәселесі, сын-қатері саналады. Осы жағдайда Қазақстан үшін өмір сүрудің өзі межелі міндетке айналды. Жалақының аздығы, әлеуметтік теңсіздік үлкен алаңдаушылық туғызады. Сайып келгенде, мұның барлығы да мем­лекеттік басқару мен жос­парлаудағы шетін мәселелерді көрсетеді. Алыс жол алғашқы қадамнан басталады Шығыс даналығы даңғыл жолға түсу үшін кем дегенде бірінші қадам жасауға шақырады. Сол секілді біздегі тәуелсіз реформалардың бастауындағы алғашқы қадамдар қоғамдық-саяси және әлеу­меттік-экономикалық жағдай ушыққан сәтте жасалды. Алайда тұтас елдің тағ­дыры, тәуелсіздігіміз таразыға түскен кезде жасалған бұл қадамдардың дұрыс­тығы күмән туғызбайды. Сол сәттер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел басқару ісінің төңірегінде жүргендердің есінде болар. Аз ғана уа­қыттың ішінде дағдарысқа қарсы үкі­меттік бағдарламаны түзу бойынша кешенді шаралар қабылданды. Бағдар­ламаны іске асыру 1994-1995 жылдар кезеңінде өнеркәсіптік өндірістің құл­дырауын тоқтатып, ең күшті инфляцияны төмендетуге, өткір әлеуметтік бағдар­ламаларды шешуге мүмкіндік берді. Оның ішінде халықаралық қаржы ұйым­дарынан, атап айтқанда, Халықаралық валюта қоры арқылы инвестиция тарту шарасының мейлінше нәтижелі бол­ғанын атап өткен жөн. Бұл экономикалық майданда алға жылжу үшін берік шеп құруға жол ашты. Бәрін кадрлар шешеді Қалай ойлайсыз, броундық қозға­лысқа балама бар ма? Болмауы да мүмкін. Әлемдік экономиканың тасасында елді дамыған, бәсекеге қабілетті 50, кейіннен 30 елдің қатарына қосу сияқты ұрандарды тастап қойып отыра беруге де болады. Сәйкесінше, осы аралықта экономи­каның бәсекеге қабілеттілігін арттыру­дың мүмкіндіктерін қарастыру, өзге ел­дермен сыртқы экономикалық қатынас­тарды түзіп, өзара тиімді мүдделерді ұстануға, елде бейбітшілік пен келісімді сақтауға, әлеуметтік мәселелерді шешуге де мән берілсе құба-құп. Мұны шағын, бірақ нәтижелі қадам саясаты деп атайды. Біз жан-жақты ойластырылған әре­кеттердің уақыт оздырмай нәтиже бере бастағанын байқамаймыз. Бірақ бұл ұзақ жолда «эстафеталық таяқша» бір коман­дадан мемлекеттік мүдделерді жеке мүд­десінен биік қоятындардан жасақталған екінші командаға ауысып отырады. 1997 жылдың соңында «Қазақ­стан– 2030» ұзақмерзімді стратегиясының қабылдану кезінде де осы принцип бо­йынша дамудың даңғылына түсу жос­пары болған. Оншақты басым міндет пен оларды шешудің нақты алгоритмі түзілді. Ғылыми қоғамдастық ел дамуының стратегиялық бағыттарын ғылыми-әдіс­темелік айқындауда шешуші рөл атқарды. Ауқымды реформалардың бастауы ре­тінде бұл стратегия мемлекеттік басқа­рудың түрлі сатыларында және қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болды. Алайда арада көп өтпей, бұл страте­гия­ны мерзімінен бұрын орындалды деп танып, көпшіліктің таңданысын тудыр­ған «Қа­зақстан–2050» стратегиясы қа­былдан­ды. Осы кезден бастап шалағай, өзара байланысы жоқ, тиімділігі дәлел­денбеген мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды қабылдау қарқын алды. Салада әлі күнге тәртіп орнаған жоқ. Қазір бірер жыл бұрын қа­былданған елі­міздің 2050 жылға дейінгі даму страте­гиясын ешкім есіне алмайды. Тәжірибелі, стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын және ойындағысын лайық­ты іске асыруға қабілетті басшылар түз­ген басқару жүйесіне дисфункция тудырудың себебі неде? Бүгінде түрлі деңгейде қабылданып жатқан оңды-солды шешімдер басқару ісіндегі көп мәселенің бір парасы ғана. Біздің ойымызша, олардың астарында жылдан-жылға мемлекеттік басқарудың тиімділігінің төмендеуі жатыр. 2000 жыл­дардың басында жоспарлы экономика алдыңғы қатарға шығып, басқару жүйе­сінде мемлекеттік басқаруды бұлың­ғырлау процесіне кезек берілді. Әрине, нарық заманы өз дегеніне көндіріп, нарықтық басқару әдістерін анықтайды. Осылай нарықтық қатынас­қа бейім, бірақ идеологиясы белгісіздеу менеджерлердің жаңа толқыны пайда болды. Тест жүйесінде тәрбиеленген әлсіз, еріксіз менеджерлер маңызды мем­лекеттік шешімдер қабылдауға және жауапкершілікті өз мойнына алуға қа­білетсіз болып шықты. Олар әлеуметтік жүйедегі өндірістік қатынастарды рет­тей­тін ғылым – саяси экономиканың негіздерінен хабарсыз еді. Өйткені олар бухгалтерлік есептерді ғана шешумен айналысатын экономиканы оқыды. Нәтижесінде, мемлекетшіл тұлғалар мен жаңа тұрпатты менеджерлер арасындағы алшақтық барған сайын ажырай түсті. Ал мемлекетшіл ұғымының аста­рында не жатыр? Бұл теңеу шешім шы­ғаруда әрқашан халықтың мүддесін биік қоятын басқарушыларға қатысты қол­данылады. Бүгінде іс жүзінде мұндай ме­неджерлер қалмады. Министр­ліктер­дегі басшылық лауазымдардағы олардың «соңғы тұяғын» «Болашақ» бағдарлама­сымен шетелде оқып келген жас ма­мандардың алғашқы толқыны алмас­тырды. Бірақ аз ғана уақыт «билік» құрып үлгерген олар да басшылықтан тез «кет­ті». Есесіне, ол шенеуніктер халық сана­сында игі ісімен қалмады. Қазіргі топ-менеджерлерде стратегиялық ойлау қа­бі­летінің болмауы басқару ісінде шешімін күткен көптеген мәселені туындатты. Жылдар бойы мемлекеттің жоғары басқару аппаратындағы басшылар бір кадрлық топтан тағайындалып келді. Бұдан қоғам санасында кадрларды тұ­рақты жетілдіру туралы иллюзия қа­лыптасып, бекіді. Барлық мәселе мем­лекеттік басқару жүйесіне жастық шағы немесе балалық шағы 90-жылдардың басындағы идеологиялық вакуумға түс­кен жастардың келуінен басталғандай. Өйткені оларда бұрынғыларға туғаннан бастап санасына сіңген және қызметте ең төменгі лауазымнан бастап сатылап өскендердей жауапкершілік пен түпкі­лікті нәтиже үшін есеп беру сезімі жоқ. Тіпті, бұлайша күйреу жаңа басқару­шылардың қорқынышты түсіне де кір­мейді. Олардың корпоративтік қызме­тінің нәтижелері көңіл көншітпейді. Осылайша, биліктің жоғарғы эшело­ны­ның үнсіз келісімімен бір топ қаржыгер өз уақытында «ТМД-да үздік қаржы жүйесін» құру туралы баяндады. Де­генмен экономиканы әртараптандыруға бөлінген қаржы активтерін арнайы құ­рылған даму институттары арқылы тиім­ді басқарғаны соншалық, осы уақытқа дейін мемлекет инвестицияны толық көлемде қайтара алмады. Олар мұнымен шектеліп қалмай, «әлемдегі ең мықты мемлекеттік қызмет жүйесін» құрғанын хабарлады. Бірақ онысы да сәтсіздікке ұшырады. Бүгінде мемлекеттік қызмет реформасы басқа­ру­шы кадрлар қалыптастырудың корпус­кулалық қағидаты идеясы арқылы жал­ғасып жатыр. Және мұны да кім көрінген сынайды. Тиімді мемлекеттік қызметті қалыптастыру бойынша күш-жігерді те­ңестіретін командалық тәсіл де өркен­деп келеді. Сондықтан біз бүгінде ықпалды топ­тардың арасында бөлінген экономика­ға иелік етеміз. Айтып-айтпай не керек, бізде касталық жүйедегі қоғам қалыптаса бастағандай! Жоғарғы сатыдағылар қа­лауынша өмір сүреді, ал төменгі саты­дағылардың мүмкіндігі шектелген. Экономиканы индустриялық-инно­вациялық негізде оны дамытудың шикі­заттық сипатынан алшақтату үшін әрта­раптандырудың жиырма жылға созылған процесі елдің шикізат ресурстарына иелік ететін кландарға қызмет көрсете­тін басқарушылар есебінен тежелгендей көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ресей Феде­рациясының аумағы арқылы өтетін құ­бырларға және мемлекеттер арасындағы қатынастардағы өзгермелі саяси аспек­тілерге қатаң тәуелділікте бола отырып, мұнай мен газ экспортының бағыттары мен мүмкіндіктерін әртараптандыруға тырыспағанын түсінуге болады. Екінші жағынан, бізде «есеп беретін» экономика бар, ол ықпалды топтар мен олардың экономикадағы мүдделерін қорғаушы рөлін атқарады. Статистика «құбылмалы» цифр Қолдан жасалған иллюзиямен адам­ның ойына келетін аңыздарды салыс­тыруға келмейді. Олар нақты жағдайдан мүлдем өзгеше сипатта болуымен және ақпараттық базаға сүйенуімен қауіпті. Статистика – көңілге тыныштық сыйлайтын факті. Бірақ арада бір жыл өтер-өтпестен шынайы жағдай статис­тикалық деректің құр цифр екенін ай­қындап береді. Осылайша, өкінішке қарай, әлемнің дамыған және бәсекеге қабілетті 50, содан кейін 30 еліне кі­рудің құралына айналған, құр елестен тұратын есеп беретін экономика сәтті құрылды. Мұндай міндеттерді бізден басқалар бірінші орынға қоя ма? Ондайды құлағы­мыз шалмады. Еш жерден оқымадық. Алайда біздің санамызда әлі де түсініксіз сенімділік бар. Шынында, өзге елдерде жоғары басқарушылар мен өндіріс ошақтары өнімді еңбек етіп, қателіктен сабақ алуға тырысады. Осылайша, олар шынымен дамыған елге айналып, халықаралық рейтингтерде көш басында жүреді. Және бұған масаттанбайды. Осы орайда тағы бір маңызды мәсе­лені атап өткен жөн. Біз мемлекеттік жоспарлау жүйесімен жұмыс істеу тәсіліне көштік. Осыған байланысты Қазақстанда Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың ортамерзімді бағдарламаны іске асыруы үшін саяси жауапкершілігі әлде кездейсоқ, әлде қасқана жойылуы мүмкін. Қазір Үкімет бұрынғыдай ортамерзімді іс-қимыл бағдарламасын әзірлемейді. Сондықтан Үкімет жұмысының тиімділігін бағалау қиын. Мемлекеттің стратегиялық жос­парларын, мемлекеттік бағдарламала­рын, салалық бағдарламаларын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын елдің атқарушы билігінің өзі (Үкімет, Президент Әкімшілігі) бағалайды. Ал бұл жүйе дұрыс па? Нақты жауап беру қиын. Жүйенің дұрыс-бұрыстығын бірнеше жылдан кейін өмірдің өзі көр­сетеді. Мүмкін мұндай басқару форма­сы мен әдістерінің тиімсіздігіне көзіміз же­тер. Есесіне, біз қажетті реформа­лар­ды жүзеге асыру үшін уақыт жоғалтып аламыз. Бірақ қазіргі топ-менеджерлер тым асығыс, есеп беретін, уақытша психоло­гиясы бар. Сондықтан негізгі процестерді уақытша «қолмен басқаруға» көшуге болады. Сонда сізде кем дегенде өз әре­кетіңіз үшін жауапкершілік пайда болуы мүмкін. Алайда егер бұл ретте басқарудың негізгі тетігі қайтадан Ұлттық қорға келіп тірелетін болса, ол ешқандай да жақсы­лық әкелмейді. Басқарушы элитаны қалыптастыруға корпускулалық көзқарастың барлық фикс-идеяларына қарамастан, кадрлық құрамды толығымен өзгерту мүмкін. Оны жүзеге асыруға болатын сияқты. Саяси реформалар мен соны өзгерістер аясында биліктің жаңартылған өкілді тармағы ұсынылып отыр. Қазір эконо­мис­тердің айтқанына сенбей, эконо­мистер сияқты ойлау керек! Аймақтарға айрықша мән беру қажет Реформалардың алғашқы жылда­рында макроэкономикалық күш-жігер қажет болды. Сондықтан барлығы мак­ро­экономиске айналды. Сол кездегі ре­форматорлар реформаларды облыс, ау­дан, тіпті қарапайым кәсіпорындар дең­гейіндегілер кері тартатынын жақсы бі­ле­ді. Және олар бұл қадамға рефор­ма­ларға ке­дергі келтіру үші емес, керісінше ре­фор­малардың мән-маңызын, бұл про­цес­тердегі өз орнын түсінбегендіктен барды. Бүгін бәрі қиындай түсті. Эконо­микалық әлеует салалардың, кәсіп­орын­дар мен аймақтардың дамуында көрініс табуы үшін әлдеқайда күрделі-микро деңгейде күш салу қажет. Де­генмен бас­қару психологиясы өзгеріссіз қалды. Нақты және біртұтас аймақтық саясат жоқ. Алайда жергілікті өзін-өзі басқа­рудың толық заңнамалық базасымен қамтамасыз етілмеген агроөнеркәсіптік кешенін стратегиялық дамыту шеңбе­рінде ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламалары бар. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару орталық пен өңірлердің бюджетаралық қатынастар жүйесіне әлі толық сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда өңірлерде Ин­дустрияландыру картасының инно­ва­циялық-инвестициялық жобаларын іске асырудың нәтижелерін күту қиын болды. Себебі олардың көпшілігі еңбек, ин­фрақұрылым және өзге де жергілікті ресурстар бойынша өңірлердің нақты әлеуеті ескерілмей түзілген еді. Ғылымның әлеуеті ескерусіз қалмаса Басқару әлеуетін арттыру үшін ғы­лымның мүмкіндігін пайдалануға болады десек, көп қателесе қоймаймыз. Жос­парлы экономика уақытында, тәуелсіз реформалардың алғашқы кезеңдерінде де солай болды. Ғылым сол кездегі қо­ғамдық дамудың алға сүйреушісі болды. Ал зор беделге ие ғалымдардың пікіріне жоғары жақ құлақ салатын. Тағдыршешті бағдарламалық шешімдер ведомстволық және орталық ғылыми институттардың сараптамалық-талдамалық және бол­жамдық негіздемелерін ескере отырып қабылданды. Бірақ бүгінде ғылым шетте қалып, еңсесін тіктей алмай жатыр. Біз бұл тақырыпты бірнеше рет көтердік. Сон­дықтан мәселенің түп-тамырын үңілудің қажеті жоқ. Жаңарған, толыққанды ғы­лым ғана басқару ісінің сапасының өсуіне қажетті барлық факторды жұ­мылдыра алады деген сенім бар. Енді бәрі салалық ведомство осы маңызды мә­селені шешудегі қабілетіне байланысты. Сайып келгенде, сындарлы скептик­тердің реформа жолында реформа­тор­лармен бірдей жұмыс істеді. Уақытпен сыналған бұл фактіге қарсы келу қиын. Басқарушылық орта барған сайын бұ­лыңғырлана түскенде бұл мәселе өзекті. Заманауи топ-менеджерлерге оларды тыңдауға кеңес беруге болады. Өйткені сындарлы скептиктерде әрқашан қо­нымды идеялар болады. Менің ойымша, реформалар басқа­рушылық ортадағы «бәрі уақытша» деген психологиядан құрдымға кетеді. Шы­нында да, егер сіз ертең мүлдем басқа қызметке ауысып кететініңізді білсеңіз, қазіргі жұмысыңызды ынта-шынтамен атқаруға құштарлық таныта қоймайсыз. Осыдан бастап кабинеттегі басқару сти­ліне сай келмегендіктен, қоғамдық пікір де елеусіз қалып жатады. Оған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Елордадағы жағалаулардың бірінде сырғанақ тебуге рұқсат берілмей келеді. Ол бойынша тұрғындар әкімдікке талай өтініш жол­даған. Алайда ештеңе өзгермеді. Қаланың кезекті әкіміне қол астындағылар елор­даның ішкі және сыртқы туризмнің орталығына айналғанын баяндап әлек. Есесіне, шетелдік туристер мұндай тағы­лықты көріп таң қалады. Халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, әлемдік қоғамдастықта экономикалық тұрақты және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға ұмтылсақ, сөзсіз реформа жүргі­зілуі керек. Және де реформалар тиімді болуы үшін көкжиекте құр елес емес, нақты қол жеткізуге болатын мақсаттарды көреміз десек, келесі принциптерді ұс­тану маңызды: – тәуелсіздіктің бірінші онжыл­ды­ғындағы елдің даму оптимизмін түбегейлі бұзып, қиялдан арылып, нақты әлемде өмір сүруге ұмтылу керек. – өткенді түсінуге, бүгінді түсінуге және болашақ ерекшеліктері мен даму жағдайларын болжауға сәйкес, дұрыс және нақты қол жеткізуге болатын мақ­саттар қою; – қойылған мақсаттарға кезең-кезе­ңімен қол жеткізу үшін іс-қимылдар жос­парын түзу; – реформалардың орындалу бары­сына басқарушылық ықпал ету бойынша салмақты шешімдер қабылдау үшін нәтижелерді мониторингілеу жөніндегі шаралар шеңберінде кері байланыс қағидатын толық көлемде іске асыру. Бәрі қарапайым болып көрінеді, бірақ іс жүзінде мұның бәрін іске асыру қиын. Бізден мұнан басқа жол жоқ. Әйтпесе, реформалар келесі проформа­ларға айналады.

Еділ МАМЫТБЕКОВ, VII шақырылымдағы Парламент Сенатының депутаты, ф-м.ғ.к., доцент, ҚР ҰИА академигі, ХАА академигі Хаслан ҚҰСАЙЫНОВ, э.ғ.д., профессор, ХАА академигі