Адам санын 250-ге шектеу орынсыз деп санаймын-Тоқаев
Адам санын 250-ге шектеу орынсыз деп санаймын-Тоқаев
© Сурет ғаламтордан
226
оқылды
Бейбіт жиналыстар Қазақстандықтардың Конституциямен кепілдік берілген құқығы. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo-ға берген сұхбатында мәлімдеді. "Жолдауда айтылғандай, бейбіт жиналыстар біздің азаматтарымыздың Конституциямен кепілдік берілген құқығы және жергілікті билік бөлген жерде өткізе алады. Ал ол жер қаланың шет жағында болмауы керек", - деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, конституциялық құрылысты бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер, сондай-ақ зорлық-зомбылық, экстремизмнің көріністері заңнамаға сәйкес жолын кеседі. Бұл – ел азаматтарының көпшілігінің мүддесін қорғау. "Сонымен қатар, бейбіт жиналыстар өткізудің тек хабарлама тәртібін енгізу маңызды деп санаймын. Әрине, ұйымдастырушылар бұл ретте митингке қатысушылардың жоспарланған саны туралы билікке хабарлауы тиіс, бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Сол арқылы ұйымдастырушылар да, жергілікті билік те қоғамдық тәртіпті қолдау үшін өзара жауапты болады", - деді Тоқаев. Президент үкіметтік заң жобасында қамтылған бейбіт жиналыстарға қатысушылар үшін адам санын 250-ге шектеу енгізуді орынсыз деп атады. Тоқаев сондай-ақ ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) қызметін бағалады. "ҰҚСК біздің мемлекеттік жүйемізді реформалау бойынша пайдалы ұсыныстар жасауға қабілетті кеңес ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Заңнамалық процесте саяси реформалардың алғашқы пакеті іске қосылды, экономикалық салада да көп жұмыстар атқарылуда", - деді ол. Президенттің айтуынша, жыл соңына дейін ҰҚСК-нің қатысуымен келесі реформалар пакеті дайындалады. Мемлекеттік қызметкерлерді тарту бойынша қызу жұмыс жүргізілуде. "Кеңеске мемлекетіміздің құрылысына өз үлесін қосқысы келетін жаңа адамдар келеді. Бұл танымал заңгерлер, азаматтық белсенділер. Сондықтан жақын арада Мен бұрын жариялаған ротация жарияланатын болады", - деді Тоқаев.