Қазақстанның 17 аймағында теннис корттары салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны қабылдауы кезінде айтты.
Президент қазір елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталды. Оның 10 мыңнан астамы – 10 жасқа дейінгі балалар. Осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынды. Сондай-ақ Baby tennis, «10 жасқа дейінгі теннис» секілді жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.