Санжар Досжанов Азия чемпионатында алтын алды
Санжар Досжанов Азия чемпионатында алтын алды
694
оқылды
Қазақстандық Санжар Досжанов (70 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Зафарбек Тихоновпен шеберлік байқасты. Алғашқы сәттен Санжар қарсыласына қарсы шабуылға шықты. Әдіс-тәсілді қолдануға тырысты. Нәтижесінде,  осындай әдісі арқылы екі ұпайға қол жеткізді. Осылайша, ол қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанды.