Коронавирустың қаупі: Әлемдегі ең ірі туристік көрме өтпейді
Коронавирустың қаупі: Әлемдегі ең ірі туристік көрме өтпейді
Фото: Интернеттен алынды
455
оқылды
Германияда коронавирусқа байланысты әлемдегі ең ірі туристік көрме өтпейтін болды, – деп жазады 24.kz. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, адамдардың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдауға тура келген. Себебі, көрме қонақтарының дені сау болуы – негізгі міндет. Еске сала кетейік, «Айтиби» халықаралық көрмесіне 180 мемлекеттен мыңдаған қонақ қатысуы керек еді. Оның ішінде, Қазақстан да болған. Бұл – соңғы 54 жылдағы алғашқы күтпеген жағдай.
Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан: «Жағдай ушыққан сәттен бастап Денсаулық сақтау министрлігі үкіметтің өзге ведомстволарымен тығыз байланыста. Олар вирустың таралуын тоқтатуға және Германия халқын осы бір дерттен қорғауға көмектесіп жатыр. Осы мақсатта арнайы орталық ашылды. Себебі, қазіргі уақытта қауіпті вирус Италия мен Германияда өршіп барады. Осыған байланысты кеселге барынша тосқауыл болуға тырысып жатырмыз», – деді.