"Жұлдызым, қаншама жыл бұрын жүрегімді қозғаған саған деген сезімім жыл өткен сайын күшеймесе, әлсіреген емес. Жеткізуге сөзім жетпесе, де жүрегің сезеді деп сенемін. Ұрпағымның анасы, көңілімнің көктемі мен сені бұрынғыдан да жақсы көрем. Сенің бақытты сәттеріңнің көп болуын Алладан сұраймын, қолдан келгенін жасаймын. Туған күніңмен", – деп жазды Қайрат Нұртас.
Ал желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі. "Әдемі жұп", "Бақытты болыңыздар", "Қосағыңмен қоса ағар", "Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін", – деп жазды желідегілер.