«AMANAT» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы мүшелері облыстық стома­то­логия орталығының қыз­мет­керлерімен кездесті.
Жаяу жүргіншілер жолы қажет
718
оқылды

Кездесуді филиал төраға­сының орынбасары Мұханбет Жайлыбаев ашып, кездесудің мақсатын түсіндіріп, партия қызметкерлерімен таныстырды. 

Төрағаның орынбасары 7 ба­ғыттағы партиялық жоба бо­йынша жұмыс жүргізіп келе жат­қан партияның негізгі жұмыс­тарын атап өтіп, алдағы уақытта осы жобалар аясында жұмысты бастауыш партия ұйымдарымен бірге жасауға ниетті екенін жет­кізді. 

Ұйымдастыру бөлімінің ма­маны Салтанат Қашағанова партиялық жобалармен қатар «Жер аманаты» комиссиясы өткен жылдан бастап іске қосы­лып, игерілмей жатқан жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанын, бұл жұмыстар алда да жалғасын табатынын айтты. Со­нымен қатар бастауыш партия ұйымы түскен жарнаның пайы­зын әртүрлі шараға пайдалануға болатынын айтып, партияға тір­келуге шақырды. Жиында одан да өзге мәселелер сөз болды.

«Орталықтың алдымен өтетін жол Rixos-қа апаратын жол бол­ғандықтан, өз уақытында мұнда кеңейту жұмыстары жүргізілді. Жол кеңейгенімен, жаяу жүргін­шілерге арналған жолақ қоймай кеткен. Орталыққа емделуге кел­ген тұрғындар жолдың арғы бе­тіне өтіп, көлік тоқтатуға мәжбүр болады. Адам өлімі болмай тұр­ған­да орталықтың алдынан жаяу жүр­гіншілер жолағы мен белгі­лерін орнату керек. Бұл жайында бірнеше рет ұсыныс айтқанбыз. Бірақ нәтижесіз қалып отыр», – деді облыстық стоматология орталығының директоры Қуат Машырықов.

«AMANAT» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы төра­ғасының орынбасары айтылған ұсыныстың орынды екенін ай­тып, партия бұл мәселені бақы­лауға алатынын хабарлады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ